2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста жалпы құны 460,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,4% құрады. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 27,6% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 32,3% артып, 126,8 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі – 97,3%, немесе өнім көлемі 289,8 млрд. теңгені құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 36 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 71,7% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,0% құрады. Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта иірімжібін өндіру – 42,0% (8451 тонна), мақта маталары – 12,7% (17 млн. шаршы метр), құрылыс кірпіштері – 48,4% (168,3 мың м3), портландцемент – 41,6% (1572,8 мың тонна) артты. Сонымен қатар, мақта талшығы – 25,4% (өндірілгені 18,4 мың тонна), бетон – 22,0% (612,5 мың тонна), бензин өндіру – 20,2% (678 мың тонна), керосин өндіру – 18,6% (181,8 мың тонна), мазут өндіру – 22,1% (667,3 мың тонна), жылу энергиясы – 20,0% (938 мың Гкал) өсті, электр энергиясы – 43,6% (611 млн.квм.сағ) кеміді.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова: халықты жұмыспен қамту...








