Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтарды аралады. Мекемелердің бүгінгі тыныс тіршілігімен танысқан әкім орынбасары өңірдегі бөлімшелердің жұмыс деңгейін жергілікті тұрғындардан сұрастырды. Бүгінде қаламыздағы орталықтарда 102 маман халыққа қызмет етіп келеді. 9-бағыт бойынша 42-әлеуметтік төлемді қамтитын мемлекетік мекеме электрондық жүйенің жұмысын да артырып, халыққа тиімді қызмет көрсетуде екен. Сондай-ақ, кез-келген адам мұндағы қызметке өз бағасын беруге мүмкіндігі бар. Шымкенттегі орталықтардың жәйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары айтулы саланың жұмысы алға қарыштаған деп мәлім етті.
ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...











