Сейсенбі күні өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетіне мүше мемлекеттердің сарапшыларын қабылдады. Екі жақты кездесуде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі жағдайы мен реставрация жұмыстарын жүргізу мәселелері және кесенені қорғау, Түркістандағы ескерткіштерді қорғау жайы сөз болды. Қос тарап «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының маңында құрылыс жүргізу ісінде тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған регламентті сақтау жөнінде пікір алысты. Халықаралық сарапшылар Түркістан қаласындағы тарихи кешенде зерттеу жұмыстарын 13 қарашаға дейін жүргізетін болады. Естеріңізге салсақ, 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген болатын.
2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...










