26 қазан күні сағат 15:10-дар шамасында Шымкентте жер асты дүмпулері сезілді. UzDaily.uz ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, дүйсенбідегі жер сілкінісі Ауғанстанның Гиндукуш тауларында тіркелген. Магнитуда толқыны 7,7 балды құраған.
4 балдық көрсеткіштегі жер асты дүмпулері Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының аумағынан өткен. Әсіресе, Шымкент қаласы мен таулы аудандарда әсері басымырақ болған. Жер сілкінісі бірнеше минуттарға дейін сезілді — жарықшамдар мен үй жиһаздарының қимылы білінді