Ойыншық емес, болашақтың тетігін құрастырған бүлдіршіндер! Шаһарда тұңғыш рет «Робот Шаңырақ» робототехника байқауы өтті. Сайысқа бес балабақшадан 6 жасқа дейінгі балғындар қатысты. Олар өздерінің инженерлік қабілеттерін шыңдап, тапқырлығымен көпшілікті тәнті етті! «Робопарк» орталығының бастамасымен сайысқа 30 кішкентай дарын қатысты. Байқауда баланың ұшқыр қиялы мен ата-ананың қолдауы бір арнаға тоғысып, бүлдіршіндер екі кезең бойынша өзара бақ сынасты. Робот Шаңырақ байқауының негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың техникалық шығармашылығы мен логикалық ойлау қабілетін артыру. Сонымен қатар бұл жоба ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын нығайтады,- дейді ұлымен бірге сайысқа қатысқан ана.
Аталған байқауға ұлының қызығушылын қолдау мақсатында, алғашқы сайысына бірге келген Бекмұрат Оңалбаевта өз әсерімен бөлісті. Оның айтуынша интернет желісі дамығанизаманда интелектуалды сайыстар көбірек өткізілсе баланың смартфонға қызығушылы бәсеңдейді дейді.
Сайыс қорытындысында барлық бүлдіршін жеңімпаз атанып, арнайы медальдар мен алғыс хаттарға ие болды. Жәге ұйымдастырушылардың сый-сияпатынан да қапы қалмады. Ең бастысы, робототехника әлеміне алғашқы қадам жасаған кішкентай өнертапқыштар үшін бұл жарыс жай ғана бәсеке емес, білімге бастар жол ашқан ерекше тәжірибе болды.



