Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53 жастағы спортшы 20 метр қашықтықты еңсерді. Бұл жетістікпен алып күштің иесі “Global Best of Records” кітабына енген әлемдік төрт рекордсменді басып озды.
Ауыр жүк көліктерін сүйреу бойынша бұл алғашқы адам тасмалдаушы автобус, бұған дейінгі рекорд 15 тонналық жүгі бар көлікті 10 метрге тартқан Египеттік азаматқа тиесілі болған. Айта кетейік спортшы мұндағы жетістік арқылы “ Global Best of Records“ кітабына енген 29 шы қазақ баласы болды.
Спортшы дәл осы рекордты жаңарту үшін жарты жыл дайындық жасаған. Тиісінше тіс дәрігерлері бұл әдісті орындауға, алып күш иесінің жақ сүйегінің тығыздығын тексеріп, рұқсатын берген. Мамандар мұндай әдістерді қарапайым адамдардың қайталамауын сұрайды.
Өзінің жасын тек цифр деп білетін азамат, мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді. Яғни Қажымұқан балуанның жолын жалғаған адам ретінде, алдағы уақытта 16 дана пұт тасты үлкен балғамен денесінде сындырып, рекорд қоюды көздеп отыр.













