Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның құрметті судьясы Бекет Тұрғараев осылай дейді. Жаңа Конституция ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи маңызы бар. 11 тарау 96 баптан тұратын халықтық заңды білу азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал ететін
маңызды аспект.
Конституция мемлекеттің ірге тасы. Ата заңға еңгізілетін өзгерістің ел тағдырына тікелей әсері бар. Бұл жаңа конституцияның басты ерекшелігі халықтың пікірін ескере отырып әзірленуінде.Жаңа конституциялық құжат ел болашағы үшін маңызды. Ата заңдағы толықтырулар қоғамның саяси жүйесін жаңғыртып, демократиялық қағидаттарды нығайтуға бағытталған.











