АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын алу ерте анықтау – тиімді емдеу, қауіпсіз болашақтың негізі тақырыбында жиын өтті. Іс-шара барысында сотталғандар мен қамаудағылар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері талқыланды.
Мамандар қауіпті инфекциясын ерте анықтаудың маңыздылығы, тестілеуден уақтылы өтудің тиімділігі және аурудың алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушылар өзара пікір алмасып, аталған бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.










