Енді Шымкентте аптаның әр сәрсенбісінде Орталық саябақта қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Мұнда тұрғындар шеберлердің авторлық туындыларын сатып алып қана қоймай, оларды тамашалай да алады. Осы мақсатта арт-терапия кеңістігінде «Арт Бижу Маркет» әшекейлерінің жәрмеңкесі өтті. Аталған бастама жергілікті шеберлерді қолдауға және шығармашылық индустрияны дамытуға бағытталған.
«Арт Бижу Маркет» хенд-мейд әшекейлер жәрмеңкесінде 10-нан астам жергілікті қолөнер шебері өздерінің авторлық туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге қолдан жасалған этноәшекейлер, тоқылған бұйымдар, ұлттық нақыштағы аксессуарлар мен ерекше сәндік өнімдер қойылды. Аталған жоба жергілікті шеберлерді қолдауға және олардың шығармашылығын кеңінен танытуға бағытталып отыр.
Енді аптасына бір рет «Art Therapy» кеңістігінде шеберлер өз бұйымдарын көпшілікке ұсынып қана қоймай, түрлі шеберлік сабақтарын да өткізетін болады. Креативті индустрия қауымдастығының жәрмеңкелер бойынша үйлестірушісі Ольга Максименконың айтуынша, ол қолөнерге бала күнінен қызығып, бұл өнерді анасынан үйренген. Бүгінде шебер тоқылған ойыншықтардан бастап, түрлі әшекейлерге дейін жасап, өз шығармашылығын дамытып келеді.












