Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе байланысы жаңа деңгейге көтерілді. Екі елді жақындастырған тікелей рейстің ашылуына орай Баку қаласынан алғаш рет арнайы делегация келді. Құрамында Бақ өкілдері мен танымал блогерлер бар қонақтар мегаполистің көрікті орындарын аралап, туристік әлеуетімен таныспақ. Бұл сапар екі ел арасындағы мәдени және туристік байланыстарды нығайтып, өзара ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндік ашады.
Бакуден келген 30 қонақты әуежайдан арнайы күтіп алу шарасы өтті. Алғашқы рейспен келген делегацияға 4 күндік туристік бағдарлама ұйымдастырылған. Шара аясында өзара ынтымақтастықты арттыру бағытында бірқатар мемарандумға қол қойылады. Бүгінде Шымкенттен 14 елдің 21 қаласына рейс қатынайды. Бұл өз кезеңінде туристердің санын арттыруды көздейді.Скат Әуекомпаниясының президенті жаңа рейстің мүмкіндіктері кең екенін айтты. Сондай-ақ Владимир Денисов Азал әуекомпаниясымен 20 жылдан астам достық қарым қатынас орнатып тығыз ынтымақтастықпен жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.
Серіктестік екі тарап үшін де тиімді болады. Аптасына 3 рет қатынайтын рейс тұрғындар үшін қолайлы болатынына сенімдіміз. Әр тарап түрлі артықшылықтарға ие болады және жолаушыларға әлдеқайда кең мүмкіндіктер ұсынылады деді Джамиль Манизаде.Әзербайжаннан келген танымал блогер Айдан Халилзаде де өз әсерімен бөлісті. Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары. Бұған дейін елімізде болмаған блогер мегаполистің заманауи келбеті мен туристік мүмкіндіктері ерекше әсер қалдырады деп күтеді.
Мұндай бастамалар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, туристік байланысты дамытуға серпін береді. Тікелей әуе рейстерінің ашылуы екі ел азаматтарының өзара сапарлауына қолайлы жағдай жасап, туристер санының артуына мүмкіндік тудырады









