Шымкенттегі 10216 әскери бөлімінде 70 сарбаз әскери ант қабылдады. Салтанатты іс-шараға әскери қызметшілердің ата-аналары, туыстары мен жақындары қатысты. Рәсім барысында жас сарбаздар Мемлекеттік Ту алдында Отанға адал қызмет етуге, әскери борышын абыроймен орындауға ант берді. Құттықтау сөз сөйлеген ардагерлер мен әскери бөлім өкілдері сарбаздарға сәтті қызмет пен табыс тіледі.
Ант қабылдағаннан кейін жас жауынгерлер алғашқы әскери дайындық кезінде меңгерген дағдыларын көрсетті. Олар саптық дайындық элементтерін, қарумен орындалатын жаттығуларды және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін орындады. Ал шараның соңы әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өткен салтанатты шерумен аяқталды. 










