• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

15.06.2026
0

Самарқан – туризмнің отаны. Көне тарих пен өркениеттің алтын бесігі саналатын бұл шаһар ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, сан түрлі мәдениеттер мен халықтарды тоғыстырған ерекше орталыққа айналды. Бүгінде Самарқанд – тек Өзбекстан ғана емес, күллі Орталық Азия туризмінің символына айналған қала. Ал осы рухани-тарихи кеңістіктің жүрегінде орналасқан Гүр-Әмір кесенесі – ұлы қолбасшы, мемлекет қайраткері Әмір Темірдің мәңгілік мекені. XV ғасырдың басында бой көтерген бұл кесене – Темір әулетінің негізгі пантеоны. Мұнда Әмір Темірдің өзі ғана емес, оның ұрпақтары, соның ішінде атақты астроном әрі ғалым Ұлықбек те жерленген. Көгілдір күмбезі көк аспанмен астасып, нәзік өрнектері мен мозаикалық қаптамасы сол дәуір сәулетінің шарықтау шегін көрсетеді. Ал ішкі бөлігіндегі қара нефрит тасынан жасалған құлпытас – кесененің ең айрықша белгісі. Гүр-Әмір – тек тарихи ескерткіш емес, ол – тұтас бір дәуірдің, ұлы империяның символы. Бүгінде бұл нысанға келген әрбір турист Самарқанның рухын дәл осы жерден сезінуге тырысады.

Жалпы, Өзбекстан туризм саласында соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Елде тарихи мұраларды жаңғырту, инфрақұрылымды жақсарту, шетелдік туристерге қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұхара, Хиуа, Самарқан секілді көне қалалар әлемдік туризм картасында өз орнын нығайтып үлгерді. Әсіресе, мәдени туризм мен зиярат туризмі қатар дамып, келушілер саны жыл санап артып келеді. Ал Самарқанд қаласының туризмі – осы саланың айнасы іспеттес. Қалада көне архитектура мен заманауи инфрақұрылым үйлесім тапқан. Көшелерінде жүріп, бір мезетте бірнеше ғасырды артқа тастағандай әсер аласыз. Әрбір ғимарат, әрбір көше – тарихтың үнсіз куәгері. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық – тек географиялық жақындық емес, тарихи, мәдени, рухани сабақтастықтың жарқын көрінісі. Екі елді ортақ құндылықтар, тіл мен дәстүр, бауырластық байланыстар біріктіреді. Бүгінде бұл достық жаңа деңгейге көтеріліп, түрлі салаларда өзара ынтымақтастық нығайып келеді.

Орта Азиядағы ең қасиетті әрі көркем орындардың бірі – Шахи-Зинда қорымы. Бұл кешен – тек сәулет өнерінің жауһары ғана емес, терең тарихи әрі рухани мәнге ие мекен. «Шахи-Зинда» атауы «Тірі патша» деген мағынаны білдіреді. Аңыз бойынша, мұнда исламды алғаш таратушылардың бірі Құсам ибн Аббас жерленген. Ол – Мұхаммед пайғамбардың туысы саналады. XIV–XV ғасырларда, әсіресе Әмір Темір дәуірінде салынған кесенелердің әрқайсысы бір-біріне ұқсамайды. Көгілдір қаптамалар мен ерекше өрнектер бұл кешенді ашық аспан астындағы нағыз өнер галереясына айналдырған. Бүгінде бұл жерге зиярат етушілермен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылып келеді. Ал Тоқпанбай мазары жайлы деректер көп сақталмаған. Дегенмен, бұл орынның өзіндік тарихи мәні бар. Самарқан маңында орналасқан бұл мазар – қазақ-найман қышлағымен байланысты ерекше нысан. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, бұл ескерткіш – өткеннің ізі, бабалардың ізі қалған қасиетті мекен. Мұндай орындар – жазба деректерден гөрі халық жадында сақталған тарихтың бір бөлшегі.

Самарқанның тағы бір бренді – оның наны. Самарқан наны – дәмімен ғана емес, ұзақ уақыт сақталу қасиетімен де ерекшеленеді. Қанша уақыт өтсе де, ашымайды, қатпайды, көгермейді. Сондықтан бұл қалаға келген әрбір адам міндетті түрде дәм татып, өзімен бірге алып кетуге тырысады. Ал саудаласу – шығыс мәдениетінің ажырамас бөлігі. «Саудаласу – сүннет» деген қағиданы ұстанған біз де өз бағымызды сынап көрдік. Сапардың әдемі нүктесі Ташкент қаласындағы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде қойылды. Арнайы барған делегация елшілікке кітаптар сыйлап, ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңында ақ батасын беріп, екі ел арасындағы достықтың мәңгі болуына тілектестік танытты. Бұл сапар – мазмұны терең, мағынасы зор маңызды сапарға айналды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс мұндай кездесулер арқылы одан әрі беки түсуде. Ал Өзбекстанның туризм саласы – тек экономикалық мүмкіндік емес, ол – тарихты танытатын, мәдениетті ұлықтайтын алтын көпір. Самарқан секілді шаһарлар сол көпірдің ең жарқын тіректерінің бірі екені сөзсіз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІЛЕР АЛА ДОП БӘЙГЕСІНДЕ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

“ReLife” жобасы аясында пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында кіші футболдан турнир өтті. Іс-шараның басты мақсаты қылмыстың алдын алу және...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАСТАР

Айғақ медиа
06.10.2026
0

Адалдық ардың ісі. Осы сөзді ұран еткен жастардың арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін арнайы жарыс өтті. Қала мектептері арасынан...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ 9 ЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

9 елдің хирург-дәрігерлері бір үстелде бас қосты. Отырыстың мақсаты қатерлі ісікті заманауи жолмен емдеу. Мамандар енді науқасты дертінен айықтыруда дәстүрлі...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

Әскердегі тәртіп пен заң талаптарының сақталуы – жауынгерлік дайындықтың маңызды бөлігі. Осыған орай әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – АЛАЯҚ ҚАРУЫ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

Кибералаяқтық өршіп келеді. Цифрлық жүйе әккілердің басты қаруы. Жыл басынан бері қалада киберқылмыстың 363 дерегі тіркелген. Бұл 8 ай ішіндегі...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

Әскерді сағынып жүрсің бе? Шымкентте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес арнайы тактикалық оқу жаттығуы ұйымдастырылуда. 50/120 - әскери бөлімнің ұйымдастыруымен жиынның...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.