• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

18.05.2026
0

 

Жеңіс мерекесі қарсаңында Белсенді ұзақ өмір орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастырды. Бұл игі бастама тыл ардагерлерінің ауласын тазартудан басталды. Шара барысында орталық қызметкерлері ардагерлерге көмек көрсетіп, олардың үй маңын ретке келтірді. Кеңестік кезеңде майдангерлерге көмек көрсету үшін құрылған тимуровшылар секілді, Белсенді ұзақ өмір орталығының қызметкерлері тағы бір игі бастаманы жүзеге асырды. Бүгінде орталық қызметкерлері қарттардың үйіне арнайы барып, есік алдындағы аумақты тазалап, қамқорлықтарын көрсетті.

Ақ ниет пен шынайы ықыластың белгісі ретінде қарияларға сый-сияпат табысталып, жүрекжарды лебіздер айтылды. Сонымен қатар, әсем ән шырқалып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл шара тек тазалық жұмысы ғана емес, үлкенге деген құрмет пен жан жылуының айқын көрінісі. Осындай игі бастаманың ең үлкен жемісі – алғыс пен ақ батаның берілуі. Жалғыз басты қария Оңалбек Жақсыбай атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, ақ тілегін жеткізді.

Ана – өмірдің шуағы. Бүгінгі таңда тоқсанның төрінен асқан ардақты апамыз – Арзан Сатыбалдиева. Ол өз сөзінде жастарға ақылын айтып, жүрекжарды лебізін білдірді. Осындай асыл аналардың ақ батасы – біз үшін ең қымбат қазына. Арзан апаның әрбір сөзі – өмірден түйген тағылым. Осындай игі шаралар арқылы қоғамда сыйластық пен жанашырлық нығая түседі. Үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді ұлттың асыл құндылықтары кеңінен дәріптеліп, жас ұрпақтың бойына сіңеді. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады, дейді орталық қызметкерлері.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮШ ЕЛ КӘСІПОДАҚТАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ

ҮШ ЕЛ КӘСІПОДАҚТАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Шымкентте Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан кәсіподақтарының халықаралық кездесуі өтті. 2021 жылы құрылған Орталық Азия елдерінің кәсіподақ кеңесі бүгінде қарқынды даму...

ҚЫТАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫТАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

«Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында Шымкентте жаңа халықаралық орталық ашылды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бизнес орта...

150-ГЕ ЖУЫҚ МАМАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰСЫНДЫ

150-ГЕ ЖУЫҚ МАМАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰСЫНДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Түлектерге қолдау көрсету – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Ж.Ташенев атындағы оқу ордасында «Түлек және еңбек нарығы» атты...

50 ОТБАСЫ ШЫҒЫСҚА ҚОНЫС АУДАРДЫ

50 ОТБАСЫ ШЫҒЫСҚА ҚОНЫС АУДАРДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Оңтүстіктен Шығыс өңіріне 50 адам қоныс аударуға ниетті. Сол мақсатта олар шырайлы Шығыстың тіршілігімен танысу үшін жолға шықты. Бүгінде «Ұлы...

БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ МАҢЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК

БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ МАҢЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Биыл Ұлы Жеңіске – 81 жыл. Мереке қарсаңында қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың рухына тағзым жасалды. Шымкенттегі №29 мектеп ұжымы...

ЖЕҢІС РУХЫ — МӘҢГІЛІК

ЖЕҢІС РУХЫ — МӘҢГІЛІК

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Ұлы Жеңіске – 81 жыл Ел тарихында маңызды орын алатын мереке қарсаңында Шымкентте ауқымды іс-шара өтті. Ерлік пен елдіктің символына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.