• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-ға тәжірибе алмасуға Жамбылдық агро мамандар келді

09.02.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына ауыл шаруашылығы бағытында тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысынан бір топ делегация келді. Құрамында шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Нұржігітов және ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен ауыл әкімдері жалпы саны 60-қа жуық адамнан тұратын делегацияны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұрәлиев  бастап келді. Көрші облыстағы әріптестерін аудан әкімі Қ.Абдуалиев өзінің салаға жауапты орынбасарларымен біре күтіп алып, ауданның жұмысымен таныстырды.

Өңірімізге жасаған жұмыс сапарында жамбылдық топ халқы тығыз қоныстанған Сарыағаш ауданында болып, бірқатар жылыжайлар мен абаттандыру жұмыстарын аралап көріп, танысты. Ең алдымен олар, көшеттерді өсірумен айналысатын «Сарыағаш жер сыйы» шаруа қожалығына барды. Онда олар қысқы улау жұмыстарын, көшет өсіретін тұқымбақты аралап шықты. Жыл басынан бері шаруашылықтағы жұмысшылар 70 мың алма көшеттерін улаған.

Республика шаруашылықтары үшін, жеміс, жүзім көшеттерін дайындаумен айналысатын шаруашылықта 30 гектар алма, 13 гектар жүзім, 15 гектардан астам жеміс көшеттерін өсіретін тұқымбағы бар. Мұнда сонымен қатар, субтропикалық аймақта өсетін анар, құрма, банан көшеттері мен лимон өсіріледі.

«Бүгінгі ресми сапарымыз облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың көрші өңірлерден тәжірибе алмасу  тапсырмасы аясында ұйымдастырылып отыр. Еліміздегі жылыжайды дамыту  саласында көш бастап тұрған Оңтүстік  Қазақстан облысына ауыл шаруашылық саласы мамандарымен шаруа қожалық иелері, ауыл әкімдері және бірқатар кәсіпкерлер келіп отырмыз. Еңбекқор оңтүстік жұртынан  үйренеріміз көп, жұмыс үйлесімді жолға қойылған. Бүгінгі көрген абаттандыру бағытынан да тәжірибе алатын тұстар бар екен», — деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А.Нұрәлиев.

Өзбекстан елімен шекаралас жатқан аймақта 4 кедендік бекет жұмыс атқарады. Осы бекеттердің аумақтарын абаттандыру жұмысымен танысқан жамбылдықтар бұл бағыттада үлгі алатын көптеген жұмыстардың бар екенін атап өтті. Мәселен, қараусыз қалған қыр-сайларға арша, боз арша және шырша сынды көшеттерді отырғызып, көріктендіруге болатынына көз жеткізді. Айта кетейік, аталған осы 4 кеден бекеттен жылына 18-19 млн. адам өтеді.

Мұнан соң, жұмысшы топ Қапланбек елді мекеніндегі «Жабай ата» шаруа қожалығында болып, жылыжайдың жұмысымен танысты. 15 гектар жылыжайы бар шаруақожалық тамшылатып суғару әдісін қолданады. Өнімдерін Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік нарығына, 46 пайызын Ресей еліне экспорттайды. Делегаттар осы сынды, озық технологиямен салынған бірқатар жылыжай кешендерінің жұмысын аралап көрді.

Жалпы облыста жылыжайлардың көлемі 1123 гектарға жетіп отыр. Бұл Республикадағы үлесінің 87 пайызын құрайды. Осы жылыжайлар есебінен диқандар биыл 160 мың тонна көкөніс өнімдерін жинады.

Ал, Сарыағаш ауданында жылыжайлардың жалпы көлемі 600 гектар шамасында. Бұл облыстағы үлесінің 55 пайызын құрайды. Жылына екі рет өнім алатын диқандар гектарына 100 тонна, яғни жылына 200 тонна өнім алып отыр. Жамбылдық шаруалар өз әріптестерінің аз ғана қаржы жұмсап мол өнім алып отырғанына және өнімді экспортқа шығару жұмысына қызықты.

«Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген мақсатымыз жаңа технологиямен салынған жылыжай жұмысымен танысып, осы тәжірибені өзіміздің облыста қолдану.  Өздеріңіз  білесіздер Сарыағаш ауданы еліміздегі жылыжайлар бойынша 45%-ын құрайды. Жылыжайды дамыту  әлеуметтік жағынан үлкен көмек болады. Мұнда бізді жылына екі рет гектарына 200 тонна өнім алу, экспортқа шығару, сауда саттықты тиімді ұйымдастыру жағы қызықтырып отыр. Осы жағынан көптеп тәжірибеге алуға болады. Жамбыл облысында қазіргі таңда 27 гектар жылыжай бар. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды көздеп отырмыз. Оның ішінде өндірістік жылыжайды дамытуды қолға аламыз. Бүгінгі сапарымыз біз үшін өте  тиімді болды, үйренетін тұстары көп екен», — деді Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Нұржігітов.

Осы сапар барысында олар Қазақстандағы ең үлкен «Аделя» жылыжай кешенімен танысып, облыс әкімі Ж.Түймебаевпен кездесу жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.