2026 жылы жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкерлер келесі ең төменгі шекті балдарды жинауы қажет:
🔹 Математикалық сауаттылық: 10 сұрақ, ең төменгі балл – 3
🔹 Оқу сауаттылығы: 10 сұрақ, ең төменгі балл – 3
🔹 Қазақстан тарихы: 20 сұрақ, ең төменгі балл – 5
🔹 Бірінші бейіндік пән: 40 сұрақ, ең жоғары балл – 50, ең төменгі балл – 5
🔹 Екінші бейіндік пән: 40 сұрақ, ең жоғары балл – 50, ең төменгі балл – 5
🕒 ҰБТ уақыты – 4 сағат (240 минут).
Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға қосымша 40 минут беріледі.
📚 Тест электронды немесе қағаз форматында өткізіледі.
Нәтижелермен келіспеген жағдайда апелляцияға өтініш беруге болады.
ҰБТ үш міндетті және екі бейіндік пәннен тұрады.









