ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы және 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері арасында дәстүрлі спартакиаданы бастады. Бұл мерейлі шара «30 игі іс» жобасы аясында ұйымдастырылып, төтенше жағдай қызметкерлерінің рухын көтеру мен ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған. Бүгін спартакиаданың салтанатты ашылуы өтіп, қатысушы командалар мандаттық комиссиядан өтіп, жеребе тарту рәсіміне қатысты. Жарыстың алғашқы күні ерекше жігер мен спорттық рухқа толы сәттерге ұласты. Құтқарушылар арқан тарту, өрт-құтқару спорты, волейбол және футбол түрлерінен бақ сынайды. Ойындар төрт күн бойы жалғасып, үздіктер арнайы марапатталады. Спартакиада – бұл тек спорт сайысы ғана емес, өз ісіне адал, батыл және темірдей тәртіпке бағынған құтқарушылардың бірлігін, ерік-жігері мен кәсіби рухын айқындайтын маңызды іс-шара. Барлық қатысушыларға жарыста сәттілік, жоғары нәтиже және лайықты жеңіс тілейміз! Құтқарушы – батырлық пен мейірімнің символы!