• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ ӨСЕДІ

11.10.2025
0

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зейнетақы төлемдерінің мөлшері өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.Министрліктің мәліметінше, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі үш құрамдас бөліктен тұрады: ынтымақты, негізгі және жинақтаушы.

«Жас бойынша зейнетақы төлемі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтарға тағайындалады. Негізгі зейнетақы төлемі зейнет жасына жеткен барлық адамдарға беріледі және оның мөлшері адамның еңбек өтіліне байланысты – ең төмені өмір сүру минимумының 70%-ын, ең жоғарғысы 110%-ын құрайды. Ал жинақтаушы зейнетақы азаматтың жинаған қаржысына және зейнетақы жарнасы аударылған табыс көлеміне тәуелді», — делінген министрліктің ресми хабарламасында. Ведомство әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жас бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда бекітілген көлемде арттырылатынын еске салды.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жас бойынша төленетін зейнетақы мөлшерін 10 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Негізгі зейнетақы да өмір сүру минимумының өзгеруіне байланысты ұлғайтылады», — деп мәлімдеді министрлік. Сонымен қатар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін жинақтаушы зейнетақылар жыл сайын 5% мөлшерінде индекстеледі. Бұл өсім елдегі барлық зейнеткерлерге қатысты болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, негізгі зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жұмысы жалғасып келеді. «2023 жылдан бастап бес жыл бойы негізгі зейнетақы жыл сайын өседі:
ең төменгі мөлшері – өмір сүру минимумының 70%-ына дейін,
ең жоғарысы – 120%-ға дейін. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі зейнетақының ең жоғары мөлшері 110%-дан 118%-ға дейін көтеріледі», — делінген министрлік мәліметінде.

2026 жылғы индексациядан кейін:
• ең төменгі зейнетақы (негізгі бөлікті қоса) — 104 645 теңге,
• ең жоғары зейнетақы (негізгі бөлікті қоса) — 238 412 теңге болады.
Негізгі зейнетақының үлесі тиісінше 35 609 және 60 005 теңгені құрайды.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылға арналған зейнетақы төлемдері республикалық бюджеттің 2026–2028 жылдарға арналған жобасында қарастырылған. Қазіргі таңда бұл құжат Мәжілісте қаралу үстінде.

Бүгінгі таңда Қазақстанда зейнет жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас (2028 жылға дейін) болып белгіленген. «Министрлік зейнетақы заңнамасын жетілдіру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Сарапшылармен бірлесіп, жаңа тәсілдерді қарастырып, халықаралық тәжірибені зерттеу жалғасуда», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«1 БАЛЛ — 7000 ТЕҢГЕ»: АҚТӨБЕДЕ МҰҒАЛІМ ҰБТ ҰПАЙЫН САТҚАН

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан...

31 қаңтар — ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары мен жақындарына арналған «Ашық есік» күні өтеді. Іс-шара барысында...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҰҒЫМЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ДЕП ӨЗГЕРТІЛДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституция мәтінінде республикалық референдум ұғымы жалпыхалықтық референдум деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: 11 БӨЛІМ, 95 БАПТАН ТҰРАДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралды. Жобаны әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.