• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 25, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕРЛІК ИЕЛЕРІ

08.10.2025
0

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Жылыту маусымы қарсаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардың үйлерін аралап, өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Осы шара аясында Тұран ауданы ТЖБ-ға қарасты мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері «Жаңаталап» тұрғын алабында алты баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ананы анықтады. Тұрмыстық жағдайдың қиын екенін көрген құтқарушылар бейжай қалмай, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында нақты көмек көрсетті.

Қызметкерлер отбасының ескі есік-терезелерін жаңалап, балаларға жылы киім мен ойыншықтар тарту етті. Сондай-ақ қыс маусымына арналған екі айлық азық-түлік қорын жеткізіп берді.

Бұл игі іс — құтқарушылардың адам өмірін құтқарумен қатар, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті жоғары ұстайтын жандар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олардың мейірімі мен қамқорлығы қиын жағдайда қалған отбасыларға үлкен үміт пен жылулық сыйлады.

«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері қаланың экологиялық ахуалына үлес қосып, «Таза жағалау» акциясына белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қаланың бастау көзі әрі табиғи символы саналатын Қошқар ата өзенінің арнасы мен жағалауы қоқыстан тазартылып, су айдынының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Құтқарушылар тұрғындарды табиғатты аялауға, өзен-көлдеріміздің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.

Экологиялық мәдениетті сақтау – әр азаматтың парызы. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақтың амандығы мен денсаулығына қосқан зор үлес.

Аталмыш акцияға байланысты өткен аптада тағы бір игі іс жүзеге асты.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай және республикалық «30 игі іс» акциясы аясында мектеп оқушылары үшін №7 өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар құтқарушы мамандығының жауапты да маңызды қырларымен танысты. Мамандар оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету, өрттің алдын алу тәсілдері туралы кеңінен түсіндірді.

Балаларға арнайы өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтар көрсетіліп, олардың қызметтік ерекшеліктері таныстырылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құтқарушылармен еркін әңгімелесті.

Бұл бастама жас ұрпақтың қауіпсіздік саласындағы білімін арттырумен қатар, олардың жауапкершілік пен азаматтық сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

Шымкент қаласында арнайы мектеп-интернатта тактикалық оқу-жаттығу өтті

«Қолжетімді қауіпсіздік» акциясы аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Тұран ауданы ТЖБ қызметкерлері №1 арнайы мектеп-интернатында оқу-жаттығу өткізді.

Іс-шараға 200 оқушы мен 15 мұғалім қатысып, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз іс-қимыл жасау тәртібін тәжірибеде пысықтады.

Ерекше білім беру мекемесінің ерекшелігін ескере отырып, ақпаратты түсіндіру үшін ым-ишара тілін меңгерген маман арнайы шақырылды. Бұл балаларға қауіпсіздік ережелерін барынша түсінікті және қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік берді.

Оқу-жаттығу барысында оқушылар эвакуация дағдыларын меңгеріп, төтенше жағдай туындағанда дұрыс әрекет ету жолдарын үйренді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және балалар мен педагогтарды төтенше жағдайларға дайын болуға баулу.

Дәл осындай шара оқушыларға да арналды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Әл-Фараби ауданының №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларына арнап танымдық кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балаларға құтқарушылардың күнделікті қызметі, арнайы техника мен жабдықтар таныстырылды. Сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Ашық есік күні оқушылар үшін әсерлі әрі пайдалы шара болды. Олар қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, құтқарушы мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды.

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ӘДІЛЕТТІҢ КЕПІЛІ

Шымкентте мемлекетке келтірілген 1,7 млн теңгеден астам шығын қайтарылды

Халықаралық іздеуде жүрген сотталушы 2024 жылдың шілде айында Грузия Республикасында ұсталып, Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған болатын.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Әл-Фараби ауданы прокуратурасының талап-арызын толық қанағаттандырып, шығынды өтеу жөнінде шешім шығарды.

Қазіргі таңда қозғалған атқарушылық іс жүргізу құжаты негізінде борышкерден барлық шығын толықтай өндіріліп, мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жағдай – прокуратура органдарының мемлекет мүддесін қорғаудағы табанды еңбегінің нақты нәтижесі. Шығынды толық өтеу заң үстемдігін қамтамасыз етумен қатар, әділет принциптерін сақтаудың айқын үлгісі болып табылады.

Мемлекет қаржысының әрбір теңгесі – халық игілігі үшін. Оны қорғау – құқық қорғау органдарының басты міндеті.

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АРДАГЕРЛЕРІ СПОРТ АЛАҢЫНДА КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар органдарының 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ТЖД «30 игі іс» акциясы аясында азаматтық қорғау ардагерлері арасында дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды.

Іс-шара спорттық рух пен құрметке толы мерекеге айналды. Спартакиада алдында ардагерлер үшін Ашық есік күні өткізілді. Онда қонақтарға заманауи өрт сөндіру және құтқару техникалары, арнайы құрал-жабдықтар таныстырылып, жеке құрамның кәсіби дайындығы көрсетілді. Шараға арнайы колледж студенттері де қатысып, азаматтық қорғау саласының қызметімен жақынырақ танысты.

Бағдарлама аясында шахмат және үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық бәсекелер достық пен серіктестік рухында өтіп, ардагерлер үшін ерекше кездесуге айналды.

Ардагерлер өз сөздерінде қызмет жылдарындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, азаматтық қорғау жүйесінің даму деңгейіне жоғары баға берді. Сондай-ақ ұйымдастырушыларға көрсетілген құрмет пен жылы қабылдау үшін ризашылықтарын білдірді.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

BEELINE ШЫМКЕНТТЕ ҮЙДЕГІ ОПТИКАЛЫҚ ИНТЕРНЕТТІ КЕҢЕЙТУДЕ

BEELINE ШЫМКЕНТТЕ ҮЙДЕГІ ОПТИКАЛЫҚ ИНТЕРНЕТТІ КЕҢЕЙТУДЕ

Айғақ медиа
24.11.2025
0

Шымкент қаласында цифрландыру бағытында айтарлықтай өзгерістер жүріп жатыр. Сол бастамалардың алдыңғы қатарында Beeline Қазақстан компаниясы тұр. Оператор бүгінде қаланың жеке...

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.