• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Сәуір 26, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ПРОКУРОР МІНБЕРІ

08.10.2025
0

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі өсірген тұрғын ұсталды. Шымкент қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шеңберінде жүргізілген жедел іс-шара барысында аса ірі көлемде сора өсірген азамат қолға түсті.

2025 жылғы 4 қыркүйекте Абай ауданы аумағында профилактикалық жұмыстар кезінде Темірлан тас жолының бойындағы егістік жерден 112 килограмм марихуана тәркіленді. Айғақ заттар жиналып, күдікті ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 3-бөлігінің 2) тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл баппен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Есірткі бизнесіне қарсы күресте прокуратура мен құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысы қоғамды қауіпті құбылыстан қорғаудың негізгі тетігі болып отыр. Прокурорлардың заң үстемдігін қамтамасыз етудегі қатаң бақылауы – тергеу сапасына, айыпталушының әділ жазасын алуына және қылмыстың түбірімен жойылуына ықпал етуде.

Бұл оқиға – тек құқық қорғау органдарының табанды еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар қоғамға ескерту. Есірткі қылмысына төзбеушілік пен заң талаптарын мүлтіксіз орындау – елдің болашағы мен жас ұрпақтың амандығын қорғаудың басты жолы.

ИНВЕСТИЦИЯНЫ ҚОРҒАУ – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Қаратау ауданының прокуроры ірі инвесторлармен кездесті

Мемлекет басшысының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қаратау ауданының прокуроры Ғалымжан Жаңабаев «Тассай» индустриалды аймағындағы ұлттық пулға енгізілген ірі инвесторлармен кездесті.

Кездесу барысында прокурор құны 1 млрд теңгеден асатын мырышталған құбыр өндіру жобасын іске асырып жатқан «BS Group» ЖШС-нің және құны 1,8 млрд теңгеден асатын биофармацевтикалық зауытты жүзеге асырып жатқан «Anda Company» ЖШС-нің қызметімен танысты.

Прокурор кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау – прокуратураның басты назарында екенін атап өтті. Ол инвесторларға құқықтық қолдау көрсетілетінін, заңнамалық нормалар мен стандарттардың сақталуына жәрдемдесу мақсатында тұрақты жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Мұндай кездесулердің маңызы зор: инвестордың құқығын қорғау – ел экономикасына сенімді капитал тартудың алғышарты. Прокуратураның ашықтығы мен құқықтық қолдауы іскерлік ортада сенімді нығайтып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен бірге, кәсіпкерлер өзекті мәселелер туындаған жағдайда +77076150010 байланыс нөміріне немесе Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 «Г», «Заңғар» бизнес орталығындағы Фронт-офиске жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін хабарласа алады.

БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Шымкент қаласының прокуратурасы ата-аналармен онлайн кеңес өткізді. Шымкент қаласының прокуратурасы «Zoom» платформасы арқылы қаладағы 162 мемлекеттік және 135 жеке мектептің ата-аналар комитеті төрағаларының қатысуымен кеңес өткізді. Онлайн шараға 5 мыңнан астам ата-ана қосылды.

Кеңесте кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ата-аналарға нақты түсіндірмелер берілді.

Қала прокуратурасы ата-аналарды балаларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың бос уақытын жүйелі бақылауда ұстауға шақырды.

– Құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс, – деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы – балалардың қауіпсіздігі мен салауатты болашағын қамтамасыз етудің басты тетігі.

Балаларымыздың амандығы – бәріміздің ортақ қамқорлығымыз.

 

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ӘДІЛЕТТІҢ КЕПІЛІ

Шымкентте мемлекетке келтірілген 1,7 млн теңгеден астам шығын қайтарылды

Халықаралық іздеуде жүрген сотталушы 2024 жылдың шілде айында Грузия Республикасында ұсталып, Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған болатын.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Әл-Фараби ауданы прокуратурасының талап-арызын толық қанағаттандырып, шығынды өтеу жөнінде шешім шығарды.

Қазіргі таңда қозғалған атқарушылық іс жүргізу құжаты негізінде борышкерден барлық шығын толықтай өндіріліп, мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жағдай – прокуратура органдарының мемлекет мүддесін қорғаудағы табанды еңбегінің нақты нәтижесі. Шығынды толық өтеу заң үстемдігін қамтамасыз етумен қатар, әділет принциптерін сақтаудың айқын үлгісі болып табылады.

Мемлекет қаржысының әрбір теңгесі – халық игілігі үшін. Оны қорғау – құқық қорғау органдарының басты міндеті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.