• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ОТПЕН АРПАЛЫСҚАН ЕРЛІК ИЕЛЕРІ»

24.09.2025
0

Шымкент қаласында соңғы күндері Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері бір емес, бірнеше маңызды оқиғада ерлік пен кәсібиліктің жарқын үлгісін көрсетті. Олар адам өмірін сақтап қана қоймай, қасиетті орындарды жалыннан қорғап, халықтың күнделікті тіршілігіне қауіп төндірген төтенше жағдайлардың алдын алды.

Олардың табандылығы мен батыл қадамдары – халықтың сенімі мен тыныштығының кепілі.

ҚАСИЕТТІ МЕШІТТІ АМАН САҚТАДЫ

Өткен аптада Шымкент қаласының 112 бірыңғай кезекші қызмет пультіне үрейлі хабар түсті: Тұран ауданындағы Қ. Әділбеков көшесінде орналасқан екі қабатты мешіттің төбесінен қою түтін шығып жатқаны байқалған.

Бұл хабарды естіген бойда қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына жетіп, дереу іске кірісті. Жауынгерлер шатырдың ағаш конструкцияларын ашып, өрттің көзін тапты. Жедел әрі кәсіби әрекеттердің арқасында жалын ұлғайып, қасиетті мешіттің ішін шарпыған жоқ.

Ең бастысы – адамдар зардап шекпеді. Құтқарушылардың дер кезінде жасаған іс-қимылы мешітті үлкен апаттан сақтап қалды. Бұл оқиға өрт қауіпсіздігін сақтау әрбір тұрғынның басты міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

ЖАСӨСПІРІМ МЕН ЖАНУАРДЫ ҚҰТҚАРҒАН ҚАЙСАРЛЫҚ

Шымкенттің Абай ауданы, Алтынтөбе тұрғын алабында күтпеген жағдай болды. 2012 жылы туған жасөспірім серуендеп жүрген кезінде абайсызда 5 метрлік терең шұңқырға атпен бірге құлап кетті.

Жағдайдың қауіптілігін аңғарған куәгерлер бірден «112» қызметіне хабарласты. Оқиға орнына дер кезінде жеткен ТЖМ құтқарушылары шұғыл шешім қабылдап, альпинистік құралдарды пайдалана отырып, баланы абайлап шұңқырдан шығарып алды.

Жасөспірімнің серігі болған ат арнайы автокранның көмегімен шығарылып, иесіне қайтарылды. Ал бала медицина қызметкерлерінің тексеруіне жіберіліп, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағаны анықталды.

Бұл оқиға құтқарушылардың кәсібилігі мен жедел қимылы ғана емес, олардың адам өміріне, жануар тағдырына да бірдей жауапкершілікпен қарайтынын айқын көрсетіп берді.

САУДА ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛЫНДЫ АУЫЗДЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының Төлеметов көшесінде орналасқан ірі сауда-ойын-сауық орталығында да төтенше жағдай тіркелді. Қою түтін мен ашық жалын қысқа уақыт ішінде ғимаратты шарпи бастады.

Өрттің жоғары деңгейі ескеріліп, қосымша күш пен техникалар жұмылдырылды. Құтқарушылар автосаты мен үш иінді сатыларды қолданып, ғимараттың жоғарғы қабаттарына көтерілді.

Жедел әрі батыл қимылдың нәтижесінде екі адам шатыр арқылы, тағы үш адам екінші қабаттан құтқарылды. Қалған азаматтар өздігінен эвакуацияланды.

 

Өрттің жалпы аумағы 270 шаршы метрді құраса да, құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында ғимарат толық жанып кетуден сақталды.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар – бейбіт күнде ел тыныштығы үшін жанын шүберекке түйіп, әрқашан дайын тұратын қаһармандар. Олардың әрбір әрекеті – тек кәсібилік емес, жүректегі отансүйгіштік пен халық алдындағы адалдықтың белгісі.

ТЖМ ескертеді: «Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық! Бұл – өзіміздің ғана емес, өзгелердің де өміріне деген жауапкершілік».

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ОТБАСЫ – МЫЗҒЫМАС ТІРЕК

Шымкент қаласында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың отбасы мүшелері Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай өткен мерекелік іс-шараға қатысты. Шара «ҚР ТЖМ 30 жылдығына арналған 30 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Мақсат – төтенше жағдайлар қызметінің маңызды миссиясымен жақынырақ таныстыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және құтқарушылардың кәсіби еңбегіне құрмет көрсету.

Іс-шара барысында қонақтарға өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі таныстырылып, арнайы техника мен жабдықтар көрсетілді. Отбасы мүшелері қызметтік бөлмелерді аралап, демалыс орындары мен асхананы көрді. Сондай-ақ олар арнайы киімдерді киіп, құтқарушы мамандығының жауапкершілігі мен қатерін сезінуге мүмкіндік алды.

Оған қоса, тұрмыстық қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өрт сөндіру мен алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Балалар мен ата-аналар үшін психологиялық тренинг те өткізілді.

Бұл мереке құтқарушыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың ардақты еңбегінің артында тұрған отбасылардың да шыдамдылығы мен мызғымас тірегін айқындады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.