Қазақстан Журналистер Одағының Шымкент қалалық филиалына жаңа төраға сайланды. Алты жыл бойы филиал төрағасы қызметін атқарған Уәли Қыдыр «Turkistan» телеарнасының бас директоры лауазымына тағайындалуына байланысты өз қызметін тоқтатты. Оның орнына Оңтүстік телерадиокомпаниясының бас директоры Саламат Омаш сайланды. Жиында Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері Саламат Омаштың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жаңа төраға алдағы уақытта қалалық журналистердің кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық бастамаларды қолдауға күш салатынын атап өтті. Сонымен қатар, жас журналистерді қолдау бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ.
ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІЛЕР АЛА ДОП БӘЙГЕСІНДЕ
“ReLife” жобасы аясында пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында кіші футболдан турнир өтті. Іс-шараның басты мақсаты қылмыстың алдын алу және...











