• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

16.07.2025
0

Шымкент қаласында жаз мезгілінде жиілейтін балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлау деректерінің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шаралар күшейтілуде. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ирисмат Бахтиярович Махмудов мәлімдеді.

2025 жылдың басынан бері қалада үш бірдей қайғылы жағдай тіркеліп, оның екеуі балалардың қаза болуымен аяқталса, бір бала ауыр жарақат алған. Ал 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда оқиға саны азайғанымен, салдарының ауырлығы артып отыр: өткен жылы дәл осы мерзімде 4 оқиға тіркеліп, 3 бала жарақат алып, 1 бала көз жұмған. Жыл соңына дейін жалпы 8 оқиға орын алып, соның ішінде бір өлім және жеті жарақат фактісі анықталған.

Мамандардың айтуынша, 7 жасқа дейінгі балалар терезе қауіпін бағамдай алмайды. Ал москит торлары ата-аналарға жалған қауіпсіздік сезімін тудырып, баланың салмағына төтеп бере алмайды. Жазатайым оқиғалардың басты себебі – ата-аналардың немесе ересек туыстардың баланы қараусыз қалдыруы, оның ішінде үлкен балаларға немесе қарттарға тапсыру жағдайларында бақылаудың әлсіздігі.

Тұрғындардың қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру мақсатында, жергілікті және республикалық телеарналар арқылы 4 рет тікелей эфирде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 22 радиоэфир ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалардың терезеден құлауына жол бермеу тақырыбында арнайы бейнеролик әзірленіп жатыр.

Жыл басынан бері 159 үйді аралау арқылы 2650-ден астам тұрғын қамтылып, 22 түсіндіру жиыны өткізілді. Аталған шаралар барысында 1060-тан астам жадынама таратылып, қауіпсіздік туралы нақты ұсыныстар берілді.

Әлеуметтік желілерде (WhatsApp, Instagram, Telegram) ата-аналар мен үй тұрғындарының чаттарында да белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, чаттарға арнайы әзірленген «5 қадам» жадынамасы тұрақты түрде жолданып отыр.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде, жыл басынан бері 62 үйдің терезесіне 103 қауіпсіздік блокаторы орнатылды. Бұл бастама балалардың биіктіктен құлау қаупін барынша азайтуға бағытталған.

2025 жылдың 26 маусымында Шымкент қаласында балалардың терезеден құлауына жол бермеу мәселесіне арналған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Онда проблемалық мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілді.

ҚР заңнамасына сәйкес, бала қауіпсіздігі үшін ата-аналар тікелей жауап береді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабында ата-аналық міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылса, ҚР Қылмыстық кодексінің 119 және 141-баптарында бала өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті барлық ата-аналар мен қамқоршыларға балаларды қараусыз қалдырмауға, терезелерге арнайы бекіткіштер орнатуға және қауіпсіздік шараларын бұлжытпай орындауға шақырады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

1 ТАМЫЗДАН БАСТАП АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

1 ТАМЫЗДАН БАСТАП АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. 1 тамыздан бастап өтетін маңызды науқанға 3,5 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ, шаһарда онлайн режимдегі...

ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ

ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының бағдарламасы аясында 2023 жылдан бері  «Ізетті зейнеткер» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп,...

ҚАПТАҒАН КЕНЕДЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

ҚАПТАҒАН КЕНЕДЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Шаһарда кене шаққан адамдар саны көбейген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артқан. Сондай-ақ, екі азаматтан Конго-Қырым қызбасы анықталып...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.