• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҮЗДІК ЖЕТЕКШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

02.07.2025
0

Қаламызда «NURAY ART FEST» өнер байқауының 10 айлық қорытындысы өтті. Бас жүлде иегері 10 миллион теңгеге жуық тұратын темір тұлпарды қанжығасына байлап, өнер додасында жеңіске жетті. Халықаралық көпжанрлы балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы ешқандай мемлекеттік қолдаусыз, демеушісіз ұйымдастырылды. Барлық шығын – байқау директорының жеке қаражатынан қаржыландырылған. Мұндай ауқымды жобаны өз күшімен жүзеге асырып, жас өнерпаздарға үлкен мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушылардың еңбегі көпшіліктің жоғары бағасына ие болды.

Байқау – мемлекеттік емес, таза коммерциялық жоба. Ал, байқауға төленген жарна концерт залының арендасы, техникалық жабдықтар мен ұйымдастыру шығындарына бағытталды. Жоба авторларының басты мақсаты – өнерлі өрендерге мүмкіндік беру ғана емес, жетекшілердің де қажырлы еңбегін елеусіз қалдырмау. Жыл бойы елдің түкпір-түкпірінен 200-ден аса жетекші мен мыңдаған өнерпаз қатысқан байқауда, қорытынды кезеңге 40 жетекші іріктеліп шақырылып, олардың ішінен үздік бестігіне ауқымды сыйлықтар табысталды. Бас жүлде иегеріне темір тұлпар беріліп, қатысушылардың қуанышын еселеді. Байқау – тек таланттар алаңы ғана емес, сонымен қатар шынайы еңбектің, табандылық пен сенімнің нәтижесі екенін дәлелдеді.


Байқау барысында ән, би, актерлік шеберлік, дәстүрлі өнер, аспаптық орындау мен бейнелеу өнерінің түрлі жанрларындағы өнерпаздар сынға түсті. Сайысқа 7 мәрте қатысқан шәкірттердің жетекшілері шетелге тегін жолдаманың иегері атанса, 150 оқушыны ертіп келген ұстазға да ерекше марапат ретінде шет елге саяхат тарту етілді. Ал 100 бала дайындаған ұстазға арнайы төсбелгі мен ақшалай сыйлық табысталды.Қордай ауданынан келген жетекші Бану Тұрғымбаева 480 балмен топ жарып, байқаудың бас жүлдесін иеленді. Ұзақ уақыт еңбектеніп, шәкірттерінің шығармашылығын шыңдаған ұстаз бұл жеңісі арқылы өзгелерге үлгі бола білді. Оның табандылығы мен кәсібилігі байқауда жоғары бағаланып, басты марапатқа лайық деп танылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» . Дәл осы тақырыпта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен қала прокуратурасы ұйымдастырған...

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
02.07.2025
0

 Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша елімізде алғашқы үштікте. 2024 жылы қалада 25 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Осы өзекті мәселемен...

ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ КІЛТІ

ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ КІЛТІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Медиация апталығы өтті. Жобаның мақсаты — қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайту, туындаған дау-дамайларды сотқа жеткізбей, ортақ...

ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Қайнарбұлақта “Amanat” партиясының қоғамдық қабылдауы өтті. Құқықтық көмек жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуде тұрғындар көкейде жүрген бірқатар өзекті мәселелерін көтерді. Атап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.