Республика көлемінде өткен «Үздік педагог» байқауында Оңтүстік ұстаздары топ жарып, жүлдемен оралды. Олар өңір абыройын асқақтатып, білім саласын жетістікке жеткізді. Еліміздегі қаржы тапшылығына қарамастан аймақта жыл басынан бері 32 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 4 білім ұясы оқушыларға есігін айқара ашады деп күтілуде. Бұл туралы облыстық білім, жастар саясаты жән тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл журналистермен өткен брифингте кеңінен айтып берді.
Еңлік Заманхан