Елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген. Мамандардың айтуынша лудомания диагнозымен қаламызда 10 адам тіркелген. Шаһарымызда «Заң сіз бен бізге ортақ» атты тақырыпта құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шарада жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамда таралған лудомания мәселелері, интернет алаяқтық түрлері мен оның алдын алу, нашақорлықпен күрес және құқықбұзушылық тақырыптары жан-жақты талқыланды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жастарға құқықтық мәдениетті күшейтіп, заңға бағынудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы мәлімет беріп, қоғамға зиянын түсіндірді. Жиында қаржылық сауаттылық пен интернет алаяқтықты болдырмау жолдары мен киберқылмыстың қоғамға тигізер қауіп-қатері туралы да айтылды.
Бұл кездесу жастардың құқықтық білімін арттыруға және қылмыстарды алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Спикерлер жастармен ашық диалог жүргізіп, өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының арнайы әзірленген бейнероликтерін тамашалады. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.