Ғаламтор жаулаған ХХI ғасырда кітапқа деген сұраныс расымен түсіп кетті ме? «Жастар кітап оқудан қалды» деген негізсіз қалыптасқан түсінік үлкен буын қатарынан жиі естіп жатамыз. Кітапхана мен кітап сататын дүкендердің қызметкерлері ересектер мен балалардың кітап оқуға деген көзқарастары жағымды түрде өсіп жатқанын айтады. Соның ішінде фэнтези, бестселлер және психологиялық жанрдағы кітаптар сұранысқа ие екен.
Кеш қонақтары жас оқырмандарға кітап оқу арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатыны жайлы өнеге аларлық ақыл — кеңестерін берді. Өздері оқыған кітаптары туралы айтып, жастарды кітап оқуға шақырды.
Кеш барысында күмбірлеген күй тартылып, әуелеген ән мен әдеби композиция орындалды.
Қазіргі уақытта жастарды кітап оқуға баулу аса маңызды. Ол отбасында,мектепте, жоғары оқу орындарында үрдіске айналуда. «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ұйымдар белсенді түрде жұмыс жасауда.
Біз жастарды кітап оқуға шақырамыз, өйткені әр елдің рухани мәдениеті кітаптан бастау алады. Сондықтан да жастар арасында оқуды сәнге айналдыру үшін кітапты өздерінің таңдауына мүмкіндік береміз дейді кітапхана мамандары.