• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТЖМ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУДЫ КҮШЕЙТУДЕ

12.11.2024
0

Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту кезеңінде өрттердің алдын алу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Бұл дәстүрлі түрде азаматтардың жылыту кезеңінде жылыту аспаптарын белсенді пайдалануы салдарынан өрт шығу қаупінің жоғары болуымен сипатталады. Осыған байланысты ведомство өрттердің санын азайту және азаматтардың өмірі мен мүлкін барынша қорғау үшін алдын алу жұмыстарын күшейтуде.

Бұл кезеңдегi басты мiндеттердiң бiрi үйлердегi, әсiресе халықтың әлеуметтiк осал топтары арасындағы орын алатын өрт санын азайту болып табылады. ТЖМ азаматтарға жылыту жүйелері мен электр аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін еске сала отырып, аулаларды аралауды, рейдтерді, нұсқамалықтарды белсенді жүргізуде.

  Профилактикалық жұмыста көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді.  ТЖМ бастамасымен волотерлар, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Астана қаласында кезекті рейд жүргізілді. Оның аясында ТЖМ қызметкерлері жеке меншік үйлердің иелерімен кездесулер өткізді. Оларға жылыту жабдықтарын, пештер мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды. Тұрғындардың қалауы бойынша пештер мен түтіндіктер тексеріліп, бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.

Бүгін Астанадағы профилактикалық рейд барысында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев: «Жылыту маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Өйткені жылыту аспаптары мен пештерді пайдалану өрт шығу қаупін арттырады. Біз адамдарды жылыту жабдықтары мен электр аспаптарымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері туралы хабардар ете отырып, профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізудеміз. Алдын алу — біздің қайғылы оқиғаларды болдырмаудың негізгі құралы. Біз барлық тұрғындарды осы жылыту маусымы еш қиындықсыз өтуі үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз», — деп атап өтті.

  Қауіпсіз жылыту маусымына дайындық аясында әлеуметтік осал азаматтар тұратын 100 мыңнан астам тұрғын үй аулаларды аралаумен қамтылды. Бұл іс-шаралар ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтауға және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа әкімдіктермен және еріктілермен бірлесіп тұрғын үйлерде автономды өрт сөндіру датчиктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2020 жылдан бастап ТЖМ ұсынысы бойынша азаматтардың үйлеріне 107 мыңнан астам автономды датчиктер орнатылды. Олардың уақытылы жұмыс істеуінің арқасында биыл 248 адам құтқарылды.

Ағымдағы жылы алдын алу іс-шаралары барысында ТЖМ қызметкерлері әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне 14 мыңнан астам жаңа датчиктер орнатқан. Бұл құрылғылар өрттер туралы ерте ескертуді қамтамасыз етеді, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады және өрттер санын азайтуға ықпал етеді.

    Қауіпсіздікті арттыру үшін жасалып жатқан күш-жігерге қарамастан, жылыту маусымының басынан бері Қазақстанда тұрғын үй секторында 650 өрт тіркелді. Осы өрттердің нәтижесінде 59 адам құтқарылды, өкінішке орай, 31 адам қаза тапты, ал 20 азамат күйіп, түрлі дәрежедегі жану өнімдерімен уланды.

   Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе, өрт қаупі едәуір артатын жылыту маусымы кезінде.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтауға шақырамыз:

— жарамды пештер мен электр аспаптарын ғана пайдаланыңыз;

— пештің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;

— түтінді уақтылы күйеден тазартыңыз;

— пештің және электр аспаптарының ақауларын үнемі тексеріп отырыңыз;

— пеш жағуды балаларға тапсырмаңыз;

— жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.