• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШАХМАТ ӘЛЕМІНІҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

06.11.2024
0

Шымкент қаласы шахмат әлемінің жұлдыздары мен шахмат сүйер қауым өкілдері бас қосқан жерге айналды. Себебі мегаполисте бірнеше шахмат турнирі қатар өтуде. Оның ішінде Қазақстан балалар кубогының 6-шы әрі финалдық кезеңі және тұңғыш рет қаланың 1-ші Ашық кубогы ойнатылды. Қос кубоктың ашылу салтанатына KazChess федерациясының басшылығы, шахмат сүйер қауым, 10 жасқа дейінгі 163 жас шахматшы және 14 жасқа дейінгі 128 жас өрендер қатысып, бақтарын сынады. Ал, жарыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды.

Әр жарыстың 9 туры “Көрме” орталығында 1 қарашаға дейін күн сайын өтеді. Бұдан бөлек, бұл шарада мемлекеттік қызметшілер арасында блиц-турнир де ұйымдастырылды. Бұған дейін кубоктың бес кезеңі Тараз, Қызылорда, Қостанай, Атырау мен Павлодарда өтті. Балалар турнирі жүздеген қазақстандық шахматшыны дайындаған дарынды тәлімгер және педагог Вячеслав Владимирович Печерскийдің құрметіне арналған. Оның шәкірттерінің ішінде 2016 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Жұбан Биғабылов және Қазақстанның рейтинг көшбасшысы, гроссмейстер Ринат Жұмабаев бар.

 

  • Бүгін Шымкентте өте үлкен жарыс басталып жатыр. VI Қазақстан Республикасы балалар кубогы. Шамамен 300-ге жуық бүлдіршіндеріміз жарысқа қатысуда. Еліміз бойынша 6 рет осындай үлкен жарыстарды өткізіп, ең соңында финал өткіземіз. Жалпы Шымкентте қазіргі таңда шахмат ойыны жақсы дамып келеді. Жылдың басында мегаполисте ҚР-ның жарысын өткізген болатынбыз. Бүгінде үш жарысымыз қатарынан өтіп келеді. Бұл тек балалар арасындағы VI кубок қана емес, сонымен қатар осы жерде мемлекеттік қызметкерлердің арасында да шахмат жарысымыз өтуде. Сондай-ақ төртінші жарысымыз ол гроссмейстерлердің арасындағы “круговой жарыс” деп аталады. Оны да өткізіп жатқан жайымыз бар,- деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры.

Турнирдің жүлде қоры 3 миллион теңге, оның 1,2 миллион теңге жеңімпаз алады, 2-ші орынға шыққан шахматшыға 800 мың тг, ал 3-ші орын үшін – 500 мың, 4-ші орын үшін – 300 мың және 5-ші орынды иеленген жарысушыларға  200 мың теңге табыс етілді.

Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогы – 2024. жылы KazChess өткізетін гроссмейстер нормасымен (GM) және халықаралық шебер (IM) нормасымен айналма жүйе бойынша өтетін 10 турнирдің бірі. Осындай әр турнирге еліміздің ересектер мен жасөспірімдер құрамаларының мүшелерінен, сондай-ақ басқа да қазақстандық және шетелдік шахматшылардан тұратын  10–12  ойыншы қатысты.

Айта кетейік, қаламызда 29 қазанда ФИДЕ әйелдер Гран-приінің 2-ші кезеңі өтеді.

«KazChess президенті Тимур Турловтың тапсырмасы бойынша, біз турнирлерді еліміздің барлық аймақтарында өткізіп, шахматқа барынша көп адамды тартып, жас шахматшыларға өз күштерін көрсетуге мүмкіндік береміз. Түрлі аймақтарда өткен Балалар Кубогы осыған жақсы дәлел. Алматыда қараша айының соңында өтетін финалда 6 кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған шахматшылар сынға түседі», – деп атап өтті Гүлмира Даулетова.

Турнир B-ге Қазақстан чемпионы-2024 Нұрмұхаммед Елемес барлық 9 ойынды да жеңіп, тамаша нәтиже көрсетті. Екінші орынды астаналық Айсултан Бисалиев иеленді, ал үшінші орынға 7 ұпаймен Диас Аманбек жайғасты. Ал командалық есепте Астана командасының жас шахматшылары Малика Жаппарбекова, Ақерке Молдағали, Айсултан Бисалиев және Елизавета Ледникова жеңіске жетті.

Үшінші мегаполисте әлемнің 10 үздік шахматшысы қатысатын ірі халықаралық турнир өткізу – дүниежүзілік шахмат сахнасындағы Қазақстанның атқаратын рөлі мен алатын орнын нығайтудың тағы бір тамаша мүмкіндігі. Сонымен қатар, дәл осы жерде Балалар Кубогының финал алдындағы кезеңін және маңызы зор айналма турнирді ұйымдастыру зияткер ұлтты қалыптастыруға көмектесетін осындай игілікті ойынға жол ашады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.