• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«MILLION DREAMS» АРТ-ФЕСИВАЛІ ӨТТІ

06.11.2024
0

 

Қоғамның дамуына баланың жан-жақты болуы зор әсер етеді. Үшінші мегаполис төріндегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі осымен үшінші рет «A Million Dreams» атты арт-фестивалін өткізуде. Арт-фестивальдер мәдени өмірге назар аудара отырып, өнердің дамуына көмектеседі және жаңа жобалар мен коллаборациялар пайда болатын орта жасайды. Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділқызы:

— 28-29 қазан екі күн бойы Шымкент қаласында еліміздегі барлық 22 зияткерлік-мектептер оқушыларының сабақтан тыс уақытта үйірмелер арқылы өздерінің бойындағы қандай қасиеттер бар, қандай өнерлері бар, дағдылары бар барлығы жинақталған өте үлкен шығармашылық конкурс ұйымдастырылып жатыр. Бұл фестиваль 3 рет өткізіліп жатыр. Өз бағытында барлық зияткерлік мектептердегі оқушылар өздерінің өнерлерін осы 2 күнде таразыға салады. Бізге ең алдымен оқушылардың арасындағы өзара байланыс, достық қарым-қатынас, рухани байлыққа кенелетін және мәдениеттің көпіріне айналатын жастар қажет,-дейді.

Республикамыздың 22 мектебінен 300 жуық оқушы қатысып отырған сайыс, әлеуметтік ролик, мюзикл, бейнелеу өнері және театрлық қойылымдар сынды 6 бағыттан тұрады. Фестивальдің негізгі мақсаты оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарын пайдалы өткізу арқылы қоғамға бейімдеу, сондай-ақ, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын ояту, шығармашылық әлеуетін дамыту. Көркем, музыкалық және театрлық өнер арқылы мектептер арасындағы байланыс пен достықты нығайту. Білім алушыларды сахна мәдениетін, креативті ойлауын және топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Әр өңірден келген талант иелері жыл сайын фестивальге асыға дайындаламыз дейді. Бұл жастарды өнерге бейімдеп қана қоймай, жаңа орта қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. 2 күнге жоспарланған сайысқа елімізге белгілі өнер қайраткерлері қазылық етті.

Екі күнге созылған өнер фестивальі өз мәресіне жетті. Оқуда озат шығып, өнердің түрлі бағыттарында сайысқа түскен оқушылар тағы бір рет шеберліктерін шыңдады. Салтанатты шараның қорытындысына сай үздік деп танылғандар түрлі марапаттарға ие болды.

«- Мен бұл фестивальге саз өнерін алып келдім. Маған қолдау білдірген ұстаздарыма алғыс айтамын. Көрерменге өз қолыммен әр түрлі құмыраларды жасап көрсету арқылы осы өнердің барынша дамуына үлес қостым деп айта аламын. Себебі, бұл өнердің пайдасы мен үлесінің ара жігін ажыратып, түсіндіріп бердім. Саз өнеріне қызығушылығым жақында пайда болды. Басында үйірмеге қатысу арқылы қызығушылығымды ояттым. Шеберлігімнің арқасында аз уақыттың ішінде екінші рет республикалық байқауда топ жарып келемін. Болашақта бұл өнерді кәсіп ретінде жүзеге асыру ойымда бар.»- деді, Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әлфараби Қайратов.

Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқушылардың жан-жақты дамуы, білім деңгейін көтерумен қатар шығармашылығын шыңдауы үшін түрлі жобалар қолға алынған. Соның бірі Шымкент қаласында ұйымдастырылған «ART festival». Республикалық өнер сайысына еліміз бойынша 22 мектептен 300-ге жуық оқушы қатысты.

» — Мен «Автордың шығармашылық даралығы» номинациясын жеңіп алдым. Бұл фестивальде М.Әуезовтың Бүркітші шығармасына арналған Бүркіт бейнесіндегі ғимараттың жобасын жасадым. Менің жұмысымның өзге жұмыстардан өзгешелігі басқа қатысушылар элюстрациямен картиналарды жобаласа, мен ғимараттың жобасын жасап, ерекшелендім. Менің ата анам архитектор. Мен де ес білгелі осы салаға қызығамын. Мектеп маған осындай фестивальдерде шығармашылығымды шыңдауға үлкен мүмкіндіктер беріп келеді.»- деді, Алматы қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Дәуіт Марленұлы.

Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын ояту, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған фестиваль аясында оқушылар түрлі өнер бағытында таланттарын паш етті. Атап айтсақ, әлеуметтік ролик, мюзикл, бейнелеу өнері және театрлық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.

«- Бұл «Арт фестиваль» болғандықтан Назарбаев зияткерлік мектептерінде бағалау сыртқы болып келеді. Біз оған араласпаймыз. Оған арнайы әділ қазылар алқасына Шымкент өңірінің ірі тұлғалары, өнер майталмандарын шақырдық. Бағаны сол кісілер береді. Ең алдымен осы сәтті пайдалана отырып үшінші мегаполистегі мектеп ұжымдарының, қала халқының қолдауларына алғыс білдіремін. Тіпті «TULIP HALL» сарайын беріп отқан әкімшілікке де алғысым шексіз. Менің ойымша біз осындай қолдаулардың нәтижесінде өсіп келе жатқан ұрпақты мәдениетке, өнерге баулуда қиындық тумасы анық. Әр қатысушының еңбегі әділ бағаланды деп есептеймін.»- деді Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Өміртайұлы.

Шарада белгілі қазақстандық өнер қайраткерлері төрелік еткен болатын. Фестиваль нәтижесіне сай үздік деп танылғандарға алғыс хаттар табысталды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.