Мегаполистегі көпқабатты үйлер жер сілкінісіне дайын ба осы мәселе төңірегінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары айтылып, жойқын жерсілкінісі жағдайында азаматтық қорғаныс қызметінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейі сөз болды. Жиын жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдар өкілдері, ұялы байланыс операторлары, төтенше жағдайлар қызметкерлері, сондай-ақ басқа да қызметтік органдардың қатысуымен өтті. Кездесу барысында қаладағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері мен оны шешу жолдары талқыланды. Іс- шарада Азаматтық қорғаныс орталығын құру мәселесі қозғалып, Ғабит Мұқанов инновациялық техналогияны қолдану керек екенін айтты. Сесмология инситутының меңгерушісі Айгүл Данабаева баянадама жасап, облыс көлемінде болған жер сілкіністерінің балдық көрсеткішін айтты. Көпқабатты үйлердің құрылысы, 9-10 балдық жер сілкінісіне шыдамды салынатыны айтылып, қадағалауда болатынын ескертті. Сол себепті қаламызда сейсимикалық аудандастыру картасы болғаны дұрыс деді. Қала прокуроры қорытындылай келе, мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты қаралған мәселенің маңыздылығын ескертті. Жауапты орындаушыларға жоспарланған іс-шараларды аяқтап, кешенді шаралар қабылдау бойынша нақты ұсыныстарды айтты.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...