Шаһарымызда «Менің атаулы ағашым» тақырыбы аясында акция бастау алды. 1 аптаға созылатын науқанға бірқатар мектептер қатысады. Экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа қарау мақсатында өткен жиынға 134 мектеп оқушылары белсенді атсалысты. 25 қазан Республика күні мерекесіне орай Шымкент қаласы экология, өлкетану және туризм басқармасының қолдауымен камуналдық мемлекеттік мекеме жұмыс жоспарына сәйкес мектептерде ағаш отырғызу науқаны басталды. Акция 21-29 қазан аралығында мектеп аулаларында өтеді. Аталмыш шара аясында білім ордасының аумағының сыйымдылығына қарай көшет егеледі. Ал, бүгінгі шарада 250 түп ағаш егілді. Мектеп аулалары тазаланып, арша, қарағай, каштан, қарағаш, емен ағаштары отырғызылды. Көгалдандыру мақсатында өткен шараға Дендросаябақ мекемесінің орынбасары арнайы қатысып, бұндай ағаш отырғызу науқаны қаламыз үшін маңызды екенін айтып өтті. Оқушылар белсенді атсалысқан іс-шарада концерттік бағдарламар ұйымдастырылды. Жастарды еңбекке баулу мақсатында өткен жиынға 150 ге жуық оқушы атсалысты.
ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
Заң қызметтерінің қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды мәселенің бірі. Тақырыпты кеңінен талқылау мақсатында Ospanova Law Group компаниясының директоры, құқықтану саласының маманы,...