Мегаполисте дәстүрге айналған ішкі істер департаментінің ашық есік күні өтті. Жас буынға қатаң тәртіпке үйренген мамандардың қызметін көрсету мақсатында өткен жиынға 100ге жуық студент қатысты. Шара барысында қатысушылар музейге барып, батыр қызметкерлердің атқарған жұмысымен танысты. Жедел басқару орталығын аралап, Ішкі істер басқармасының 1 күндік жұмысын тамашалады. Шаһарымызда жастарды құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстырып, полиция қызметіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында жиын өтті. Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу, құқықтық қорғау деңгейін арттыруды көздеген шараға студенттер белсенді қатысты. Жиын барысында видеокөріністер көрсетіліп жастардың сұрағына қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары — Арман Бейсенбаев жауап берді.
Шара барысында ішкі істер органы мекемесіне келген жастар қызметкерлердің 1 күндік жұмысымен танысты. «Жедел басқару орталығы» жастарға қоғамдық қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететінін, оны қалай бақылайтынын көрсетті. Шаһарымызда күніне бұл сала бойынша 1300 ге жуық арыз шағым келіп түседі. Атап айтқанда 102 байланыс номеріне жол проблемалары, қоқыс, тазалық, зорлық-зомбылық мәселелері бойынша қоңырау шалып, көмек сұрайды. Қаламызда жиі орын алатын мәселелерге күніне 800 ге жуық қызметкер жауап береді. Айта кетейік, қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету үшін қызметкерлер тәулік бойы қызмет көрсетеді. Шыдамдылық пен күш жігерді талап ететін қызметке жастар да қызығушылық танытып, белсенді қатысты.