Шаһарымызда халықаралық Tour of Shymkent велошеруі өтті. 2019 жылдан бастау алған шеру Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы ынтамақтастықты күшейтеді. Спортшыларымыз 120 шақырымды бағындырды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға шет мемлекеттен де спортшылар қатысты. Велошерудің ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары қатысып, спортшыларға жылы лебізін білдірді. Жиынға еліміздің әр өңірінен вело спортшылар келді. Дәстүрге айналған велошеруге қатысуға 130-ға жуық адам ниет білдірген. Олардың арасында үлкен жастағы қатысушылар да бар. Қатысушылар сайт арқылы тіркеліп өтініш қалдырған. Шымкент қаласынан бастау алатын велошеру Жібек жолы бекетіне дейін барады. Жиын соңында салауатты өмір салтын насихаттаған спортшыларға медаль табысталады.
«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...









