“Өмір сыйла, донор бол!” Осы атаумен “Қан орталығында” жастар қан тапсырды. Сауабы мол шараға 50-ге жуық азамат келіп, донор болды. Тұрақты түрде қан тапсыру адам ағзасына пайдалы екенін білеміз. Осы тұрғыда қала тұрғындары қаншалықты жиі қан тапсырады? Тілшіміз біліп қайтты. Шаһарымызда өтіп жатқан “Өмір сыйла, донор бол!” Акциясы аясында қан мен оның компанеттерін қайта құю арқылы адам денсаулығын жақсартатынын жеткізу. Донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлап, оның ешқандай кері әсері жоқ екенін түсіндіреді. Қан тапсыратын халықтың санын артыру мақсатында ұйымдастырылған жиынға күнделікті 100 ге жуық азамат келеді дейді мамандар. Шараға мемлекеттік қызметкерлер, ерікті жастармен спортшылар қатысты.
Акция барысында алдымен қатысушыларды толық тексеруден өткізді,қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтап, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді. Донор болған адамдарды қан тапсырғанан кейін 2 күн жұмысынан демалыс алу мүмкіндігі бар. Дәстүрге айналған қан тапсыру акциясы жиі ұйымдастырылатыны мәлім. Өзгеге өмір сыйлайтын бұл шарада қан топтары толықтай жеткілікті екенін айтылды. Қала тұрғындарын қан тапсыру өзгенің өмірімен қоса өз өмірінеде пайдалы екені айтылды.