Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Балалар кітапханасында ұлт руханиятының ірі тұлғасы, жазушының мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің қазынасы» атты конференция өтті. Әдебиетке өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің туындыларының бірі “Менің атым Қожа” шығармасы оқырмандарға ұсынылды. Шаһарымызда Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойы аясында өткен шарада жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасалып, оқушыларға әдебиеттері ұсынылды.
Шығармашылық кешке Балалар ақыны Дәркен Танабаев, фантаст-жазушы Исақ Сарманбай, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының директорының орынбасары Айтбай Кенжебай , сазгер Айзада Бекенқызы сынды тұлғалар қатысып, жастарға ізгі тілектерін білдірді. Жазушының 20 ға жуық балаларға арналған көркем шығармалары бар. Жиынға 60 қа жуық оқушылар мен оқырмандар қатысты. “Сондай-ақ Менің атым — Қожа» шығармасы негізінде көрініс көрсетілді. “Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы “тақырыбы бойынша баяндамалар оқылды. Әзіл-сықақ және сатира театрының әртістері өз өнерлерін көрсетіп, сондай-ақ ,оқушылар көріністерге белсенді атсалысты. Қаламгердің өлмес туындылары жас буынның рухын көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттыратыны сөзсіз. Талантты жазушы тарих сахнасында мәңгі ұмытылмайтыны анық.