Референдумда 12 244 683 азамат дауыс беру құқығына ие. Соның бірі — Хожамқұл Нұрматов. Ол 82 жасында Қазақстан Республикасының азаматы атанды. Арнамызға сұқбат берген қандасымыз АЭС-сын салу керек деп санайды.
Ашаршылық заманында бас сауғалап көшкен халықтың бір бөлігі Тәжікстан жерінде тұрақтап қалған. Соның бірі, Нурматовтар әулеті еді. Тағдырдың қиын сынағынан қажымаған әке перзенттерін жеткізіп, жетілдіру үшін түйе қарап, жан бағады. Өмірден өтер шағында ұрпағына “есің барда еліңді тап” Қазақстанға барыңдар деп өсиет қалдырған екен. Бүгінде, әкеден қазақы тәрбие алған Хожамкұл Нұрматов 70 жылдардан бастап Қазақстанға жиі келіп кетіп жүрген. Туыстарын тауып, осында ұл- қызы көшіп келе бастаған. Елге деген махаббат 82 жасында Қазақстан азаматын алуға шешім қабылдауға, түбегейлі елге көшуге түрткі болған. Еш қиындықсыз, осы жылдың маусым айында қазақстан азаматы атанды.
Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдаған қария, АЭС құрылысын салуға шешім қабылдайтын күні дауыс беретінін мақтанышпен жеткізді. 5 ұл мен 3 қыздың әкесі, 36 немеренің атасы Хожамқұл Нұрматов болашақ жастардың қолында екеніне сенімді. Ұрпағының жақсы өмір сүруі үшін АЭСтің салынуы құптарлық іс дейді.
Айта кетейік, дауыс беретін Бюллетеньде 1 ғана сұрақ болады: «Сіз Қазақстанда Атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген. Бүгінде, реверендумға дайындық жұмыстары басталып кетті.