• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

19.10.2024
0

Жерлесіміз жеңіспен оралды. Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 67 мемлекеті көз тіккен байрақты бәсекеге мегаполистен 3 спортшы аттанған еді. Оның ішінде 19 жастағы Талғат Орынбасар топ жарған болатын. Мегаполис әуежайында спортшыны салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.

Жиынға спортшының ата анасы, туыстары, қала тұрғындары, спорт басқармасының басшысы қатысты. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 67 мемлекеттен 531 спортшы келген. 60 келіге дейінгі салмақта 19 жастағы отандық спортшы Талғат Орынбасар бақ сынаған болатын. Ол Сербия, Қырғызстан, Италия, Тәжікстан елінің дзюдосшыларын айқын басымдылықпен ұтып, турнирдің ширек финалына еш қиындықсыз жолдама алды. Дегенмен, жартылай финал үшін белдесуде Талғат тәжікстандық Лоика Кудбудиновпен белдесті. Қосымша уақытта отандық спортшының қарсыласы «иппон» әдісімен жеңіске жетіп, жартылай финалдың жолдамасын иеленді. Десе де қазақстандық спортшы жұбаныш айналымында италиядық Винченцо Манферлотиді, қола жүлдеге күресте әзірбайжандық Низами Имрановты қапы қалдырып, қанжығасына қола жүлдені байлады. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбек отандық спортшының болашағы зор екендігін айтады.

— Шымкент қаласында мүмкіндігінше спортшыларға қолдау көрсетіліп келеді. Еркін күрестен, грек-рим күресінен Азия чемпиондары көптеп шығып келеді. Енді міне, өздеріңіз көріп, естіп отырғандай 19 жастағы Талғат Орынбасар үш дүркін Азия чемпионы болса, үш дүркін әлем чемпионатының жүлдегері атанып отыр. Болашағынан үміт күттіретін жас спортшы. Қазақ елінің мақтанышы Елдос Сметовтің ізбасары деп толық сеніммен айта аламын. Душанбеде өткен турнирде мақсатымыз алтын жүлде болған. Жергілікті палуаннан айламыз аспады. Алтын әле алда. Оғанда қол жеткіземіз. Дегенмен Талғат өте жақсы өнер көтсетті.

Ал, Талғаттың әкесі де спорттан алыс емес. Құралбай Орынбасар самбодан Азия және Еуропа чемпионы. Спортқа бейім ұлына жан-жақты қолдау көрсетіп, бар күш жігерін жұмсап жатқанын айтады.

— Бұл біздің қатысып жатқан екінші әлем чемпионаты. Өткен жылы Португалияда өткен әлем чемпионатында қатысқан болатынбыз. Ол кезде де үшінші орынды иелендік. Ағымдағы жылы жоғарғы жетістік көрсетеміз деген ойда болдық. Дегенмен, жергілікті палуанға есе жіберіп, жұманыш айналымында қалып қойдық. Бұйырғаны қола жүлде болды. Ол да төмен көрсеткіш емес. Бірақ, біздің мақсатымыз басқа. Ұлым әле 19 жаста. Болашағынан көп үміт күтемін. Сол үшін аянбай еңбек етудеміз. Бұл жетістік жалғыз менің еңбегім емес. Спорт саласында жүрген отандастарымыздың еңбегі зор. Енді ұлымды ересектер арасында бағын сынап көру ниеттеміз. Қараша айында Ақтөбе облысында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Ат салысқан, жанкүйер болған бардық қазақстандықтарға алғыс білдіреміз.

Талғат Орынбасар Азия чемпионаттарының 3 дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері. Душанбеде өткен байрақты бәсекедегі 5 кездесудің 4-ін өз еншісіне жазды. Сербия, Қырғызстан, Италия, Тәжікстан елінің дзюдосшыларын айқын басымдылықпен ұтып, жүлделі 3 ші орынды иеленді.

-Жарыс өте жоғарғы деңгейде өтті. Жергілікті спортшылардың дайындығы жоғары. Мен үшін қиын болды. 5 кездесудің 4-еуінде жеңіске жеттім. Өкінішке орай жергілікті спортшыдан жеңіліске ұшырап, жұбаныш айналымында қалып қойдым. Мен үшін осы кездесу өте ауыр болды. Қалған екі кездесуде жеңіске жетіп, қола жүлдені иелендім. Қазақстандық барлық жанкүйерлерге, ата анама алғысымды білдіремін. Алла қаласа алдағы уақытта аянбай еңбек етіп, көк туымызды көкте желбіретуге уәде беремін.

Айта кетейік, Талғат енді ересектер арасында бақ сынауға ниетті. Қараша айында Ақтөбе облысында өтетін ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында қатысады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Шығармашылық идеядан басталады. Ал сол идеяны табыс әкелетін жобаға айналдыру үшін білім мен дұрыс бағыт қажет. Шымкентте осы мақсатты көздейтін...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.