• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРИЗМІМЕН ТАНЫЛҒАН – ШЫМКЕНТ

18.10.2024
0

Еліміздің үшінші мегаполисі, жасыл желек пен гүлге оранған көркем Шымшаһар – туристер үшін тартымды қала. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша, Шымкентке 340 413 турист келген. Жыл басынан бері үш ай ішінде e-Qonaq желісі көрсеткендей, шетелден 10 837 қонақ келген. Олардың көбі — Өзбекстан, Ресей, Қытайдан келген туристер. Туризмнің дамуы жағынан Астана, Алматы және Ақмола облысынан кейін төртінші орында. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес, 450 мыңнан аса турист келеді деп күтілуде.

Жалпы оңтүстік өңір гастрономиямен жақсы дамыған. Өйткені мегаполисте шығыс асха­на­сының исі мен дәмі сезіліп тұрады. Қалада тамақтанудың үш түрлі дең­гей сатысы бар. Бұл – біріншіден, қымбат мейрамханалар. Мұндағы бір реттік тамақ­тану­дың чек бағасы 10 мың теңгеден бас­талады. Екіншіден, бағасы орта дәмхана­лар желісі. Бұл жерде клиент бір реттік тамақтанғанына 3 мың теңгедей ақша жаратады. Үшіншісі – арзан көше тамақта­ры. Мұнда жол-жөнекей тоқтап жеп кететін самсалар мен квас, айран көжелерді айту­ға болады. Шетелдік туристер осының барлығын да татып, тілімен дәмін сезіп көргісі келеді. Самса көше тамағы санал­ғанымен, оның да тіл үйірер дәмі ерекше. Сосын самсаның тамшы, кесе деп аталатын неше түрлісі тек Шымкенттің асханаларынан табылады. Мәселен, қала­ның 112 квартал, 4 шағын ауданында осы самсаның түр-түрін дайындайтын орын бар.

Аттап бассаң – дәмхана. Асхана. Шәйхана. «Ең арзан кәуап – Шымкентте» дейтін бағаның берілгеніне де көп болған. Нанды қалада шынында да палаудың жеті атасын, лағманның алты апасын жасайтын дәмханалар аз болмады. Тандырдан жаңа шыққан ыстық самсаның да тоқсан түрін жасайтын жағдайға жеттік. Кейінгі жылдары түріктің тез дайындалатын лавашы, донері, мұхит асып келген кивси, чиккеннің де сан түрі Шымкент көшелерін қаптағаны рас.

Бүгін де  «Сандық», «Тары», «7 Тандыр», «Кәусар», «Бозжыра» сынды ресторан, кафелер ас ұсынушы орындардың қатарын толықтыруда. Қымыз, қымыранын сапырып, бауырсағын ұсынып, ет асып беретін ресторандар адамға лық толы. Бұл қуанарлық жағдай. Гастрономиясымен танымал Шымкентте ұлттық ас мәзірін ұсынушы дәмханаларға деген сұраныстың артқаны пайдалы ас ішуге деген бетбұрыстың белгісі.

Сондай-ақ, соңғы күндері Шымкентке қонақ боп келгендердің дәм тату үшін жиі тоқтайтын мекені «Сандық», «Мизам», «» ресторандары болып тұр. Ол несімен ерекше?

Алдымен бұл мейрамханалардың ішкі безендірілуі ерекше. Керегеден енгеннен ұлттық нақыштағы бөлме жабдықтары көз тартады. Маңдайшадан бастап басқұры, бел-бауы мен желбауы, құрақ көрпеше, жастықтар қонаққа жылу сыйлайды. Ал ас мәзірі… әрқайсында әртүрлі дәм болғанымен, ұлттық асты жаңғырту арқылы пайдалы тағам ұсынуымен ерекшеленеді.

Мысалы, «Сандық» ұлттық асты этнограф А.Мұсағажинованың жиып-терген рецепті бойынша ұсынады. Бұл жерден сіз қымыздан жасалған коктейл іше аласыз.

Ал, ресторан ішінде есігін айқара ашып қарсы алатын «Бозжыраның» қуырдағын жеп, халық әнін тыңдап қайту да көңіліңізді көктем етері даусыз.

Табақ тартудың да өз жөн-жоралғысы барын жақсы білетін рестораторлар әрбір даяшының қонаққа ілтипатты болуына үлкен мән беретіні көрініп тұр. Олар ұлттық асты негізге ала отырып, өз ас мәзірін, төл рецептін жасайды. Дәстүрлі асты пайдалы дәммен үйлестіре біледі.

«Мизам» кафесі Бұл жерде көбіне ұйғыр тағамдары жасалады және Сіз лагманның көптеген түрлерінен дәм тата аласыз: дәстүрлі лагман, Сару, гуру, көп-ру, ту-ду, хао-хуа және т.б. Ал, дәстүрлі лагманды жасау үшін арнайы қытайлық аспаздар шақырылған. Сондай-ақ, дәмхана мәзіріне манты, палау, кәуап және басқа да шығыс тағамдары енгізілген.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.