Қазан айында қала бойынша жылу беру маусымы басталады. Қазір бұл науқанға дайындық қарқынды жүргізілуде. Былтыр жылы жылу беру кезеңінде улы газбен улану бойынша 5 жағдай тіркелген. Оқыс оқиғадан 4 адам көз жұмса, тағы 2 тұрғын дене жарақат алған. Өрттің шығуына негізгі себеп-қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау.
Мамандар қыс маусымында оқыс оқиғалардың жиілеуін ең бірінші тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін елей бермейтінімімен байланыстырады. Мысалы, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермей, балаларды қараусыз қалдырады. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды. Бұл жағдайдың арты қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларына баса мән берген абзал.
Өрт қауіпсіздігі айлығы тамыздың 15-і мен қыркүйектің 15-і аралығында өтті. Тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу аясында 1 мыңнан аса үй тексеріліп, бірқатар түрлі олқылық анықталды. Тілсіз жаудың басым бөлігі жекеменшік секторда орын алады дейді мамандар. Оқыс оқиғаның алдын алу үшін әлеуметттңе осал топтағы отбасылардың 81 үйге газанықтағыш құрылғылары қойылды. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар жалғасын табады.
Жеке кәсіпкерлермен және аудандық әкімдіктермен меморандум түзу арқылы 125 газанықтағыш құрылғылары сатып алынды.