Отбасы күніне орай «Парасатты отбасы» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – қоғамнын негізін қалайтын отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Осындай тәлімді шараға қатысқан отбасылар өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді. Жарыс барысында қатысушы топтар бағдарламаның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, өздерінің ептіліктері мен спорттық шеберліктерін танытты.
Аталған іс –шара, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, салауаты өмір салтын қалыптастыру, балаларды ұйымшылдыққа тәрбелеу, ата –анамен бала арасындағы тығыз байланысты дамыту денгейін жоғарылату мақсатында өткізілді.
Отбасылық сайыс, түрлі, көңілді эстафеталарға толы болды. Ата-аналар мен балалардың арасында өткен қызықты сайыс отбасының бірлігін нығайтып әрі салауатты өмірге тәрбиелеуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш іс-шара – отбасымен белсенді және пайдалы уақыт өткізудің бірегей мүмкіндігі. Жарысқа әке, ана және 5 пен 10 жас аралығындағы баладан тұратын отбасылық құрамалар қатысқан.