Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін «Отан» ұғымы қаншалықты маңызға ие болған болса, мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі соншалықты маңызға ие. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясының аясында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мерекелік кеште қонақтарға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмреевтің алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтары табыс етілді.
Түркия елінде 10 жылдан аса уақыт жоғары оқу орнында декан қызметін атқарған Аябек Байниязов, өзінің қызмет жолында кезіккен тіл мәселесі жайлы жеке құраммен бөлісті. Түркия елі өзінің ана тілін тірілту жолында қаншама ұлы істер атқарғанын, біз қазақтың ұлдары бай ана тілімізді қорғап, қастерлеп келесі ұрпаққа кіршіксіз жеткізуімізді ұсынды. Авар ақыны Расул Хамзатовтың өлең шумағын оқып, тілдің қаншалықты маңызды екенін, тіл бар да ұлт бар екенін, ана тілі- халықтың жаны екенін ұғындырды.
Дегенмен қазіргі заманның ағымына сай Мемлекет басшымыз мысал келтірген «екі тіл білген екі адам деп», жастарды жан-жақтылыққа, өзге де әлем тілдерін үйренуге шақырды. Алайда ана тіліміз — қазақ тілі қашанда тұғыры биік болуы тиіс деп қорытындылады.