Қазақстанда АЭС салу энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды шешім. Балқаш көлінің жағалауындағы жоба еліміздің бірнеше өңірінде энергия тапшылығын болдырмауға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, станция электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы АЭС 90-шы жылдардан бастап аймақтың энергетикасын қамтамасыз ету үшін маңызды экономикалық жоба ретінде қарастырылуда. Тәуелсіздік алғаннан кейін АЭС-тің құрылысы Қазақстанның жалпы ұлттық қауіпсіздігінің негізгі құрамдас бөлігі, мемлекеттің болашақ сенімді дамуының кепілі ретінде елдің энергетикалық егемендігі мен қауіпсіздігі тұрғысынан аса қажет. Құрылыста пайдалану жоспарланған заманауи технологиялар қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Балқаш көлінің жағасында АЭС салу бірнеше өңірде электр энергиясының тапшылығын болдырмауға, импортқа тәуелділікті азайтуға және электр энергиясының бағасын тұрақтандыруға көмектеседі. Құрылыс ауданын таңдау елдің оңтүстік аймақтарындағы энергетикалық тапшылыққа байланысты болды. Балқаш көлінің бойындағы құрылыс ауданын таңдау кеңес заманынан бері қарастырылып келеді. 2023 жылдың күзінде МАГАТЭ мамандары Балқаш көлінің маңында АЭС салуға кедергі келтіретін факторлар жоқ екенін тағы да растады. Құрылыс процесі МАГАТЭ және WANO сияқты халықаралық ұйымдардың бақылауында болады, бұл қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. АЭС салу үшін мердігерді таңдау экономикалық орындылыққа, технологиялық сенімділікке және экологиялық қауіпсіздікке негізделетін болады. Бұл ұлттық ядролық энергетиканы дамытуға, жұмыс орындарын құруға және аймақтағы инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Реакторлық технологияларды жеткізуші ретінде Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея және Франция, АҚШ қарастырылады. Алайда қазақстандық биліктің сыналған реакторды пайдалану ниетіне байланысты американдық тараптан ұсыныс қабылданбады. Жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес орта есеппен екі блокты АЭС салу 8 мыңға дейін адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, ал АЭС пайдалану кезеңінде жоғары және орта арнаулы білімі бар 2 мыңға жуық адамнан тұратын персонал талап етіледі.