• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ АДАМ ДАМУЫНЫҢ ӨЛШЕМІ

18.09.2024
0

Мәдениет саласы —  қалалық ортада әртүрлі өзгерістер жүзеге асырылатын маңызды ресурс. Мәселен, дамыған шет ел мемлекеттерінде, яғни CCCM (The Cultural and Creative Cities Monitor — CCCM) аясында қамтылған. Еуропа қалаларының мәдени саласын талдау кезінде, ең әуелі қаладағы мәдениет мекемелері мен объектілерінің (мәдени әртүрлілік) болуы мен тартымдылығы, креативті экономика, сондай-ақ мәдени-шығармашылық процестердің өркендеуіне қолайлы жағдайларқарастырылады. Нәтижесінде мәдени және шығармашылық құндылықтардың еуропа қалаларында әртүрлі екендігін көрсетті. Бұл өз кезегінде жергілікті билік органдарына нақты жағдайларға бейімделген даму стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, орташа қалаларда бір тұрғынға шаққандағы мәдени қорлардың мөлшері ірі қалалардан асып түседі деген қорытынды жасалған. Тиісінше, талдау жеке кезеңдердегі қала мәдениетінің даму деңгейін бағалауға және оның қалалар мен жалпы халықтың дамуына әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Мәдениет саласының маңызды бөлігі мәдени шаралар. Ол халықтың ауызбіршілігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді. Бұқаралық іс-шаралар мәдениетті, спортты, салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызды құралы болып табылады, сондай-ақ азаматтардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға және жеке тұлғаның дамуына ықпал етеді.

Ағымдағы  жылдың алты айында 16 ресми, мәдени көпшілік  іс-шаралар  өткізіліп, қатысушы саны 26 100 адамды құрады. 21 қаңтар «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл «Fashion show by QAZINA» дефилесі (қатысқан адам саны — 200), 9 ақпан М.Мақатаевтың туғанына «Жазылар естеліктер мен туралы» поэзиялық кеші (100), 27 ақпан Жазушы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының 65 жылдығына арналған «Оңтүстік тарихынан сыр» шығармашылық кеші (600), 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Тірегі тіршіліктің – Ару Ана» салтанатты іс-шарасы (1200), 1 наурыз Алғыс айту күніне, «Алғыс айту – асыл қасиет» (430),  14 наурыз «Көрісу күні – Амал мерекесі» (500), 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне, «Шуақ шашқан әз-Наурыз» іс-шарасы (500), 18 наурыз «Ұлттық киім күні» дизайнерлер байқауы (200), 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың, әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы және гала-концерті (10 000) 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай, «Театр көктем фестивалінің» апталығы  өткізілді (2000).

35748 әскери бөлімінің алаңында «Рухты елдің ұрпағымыз» тақырыбында 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесі (қатысқан адам саны 1000), 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне  арналған «Даңқ» мемориалында гүл шоқтарын қою рәсімі (қатысқан адам саны 3170), 21 мамыр «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесіне арналған  іс-шарасы (қатысқан адам саны 300),  Қасірет мемориалында 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі (қатысқан адам саны 300), орталық саябақта 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған «BalaShym» фестивалі (қатысқан адам саны 3000), 5-6 маусым «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (қатысқан адам саны 600), 19 маусым «Қала күні» мерекесіне арналған салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті (қатысқан адам саны 3000).

Сонымен қатар Қала күніне орай «Шымкент сити» шағынауданы аумағында заманауи үлгіде, халықаралық стандартқа сай «Тулип-холл» (Конгресс холл) ғимараты ашылды. Тулип холлда халықаралық конференциялар, фестивальдер, концерттік бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілетін көпфункционалды орталық. Жер көлемі 5,240 га, ғимараттың құрылыс ауданы – 17 мың 974 шаршы метр. Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға арналған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс-конференция өткізетін зал, асхана, көлікке жер асты тұрағы қарастырылған.

Биыл Шымкент халқы Астананың туған күнін ерекше сән-салтанатпен «Арбат»  демалыс аймағында «Жайна, ару – Астана!» мерекелік концертімен ашты. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға  «Шымкент концерт» концерттік ұйымының  өнерпаздары Хадиша Шалабаева, Астана Қарғабай, Бағлан Жолдасов, Берік Сексенбек, Айгерім Тәжі, Жұлдыз Шүкірбаева, Бану Жолдасбекова, Асыл Жандәулетов, Ерлан Асанов, Қуаныш Абжапбаров ел астанасына арналған әндер шырқап,  жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жыл сайын еліміз шілде айының алғашқы жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» ретінде атап өтеді.  Биыл шымкенттіктер  үшін  Ұлттық домбыра күні мерекесі ерекше тойланды. Алғаш рет  «Shym City» шағынауданындағы жаңа саябақта өткен гала-концертке халықтың қарасы  мол жиналды.

Бұл күні саябақ төрінде орналасқан сахна ұлттық нақышта безендіріліп,  500 — ге жуық мектеп оқушылары мен жергілікті өнерпаздар бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Мерекелік концертке «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Қазына» би ансамблі, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі қала тұрғындары мен қонақтарына халықтық дәстүрлі әндер мен күйлерді тарту етті.

Бұл күні мерекелік бағдарлама мұнымен шектеліп қалмады. Шымкент қаласының барлық қоғамдық көліктері мен сауда орталықтарында домбырамен күй тартылып, термелер орындалды.

27 шілдеден бастап қала тұрғындарына ерекше мәдени демалыс пен көтеріңкі көңіл күй сыйлау, тұрғындардың мәдени демалысын жақсарту мақсатында «Шым қала кештері» атты OPEN AIR форматтағы концерттік іс-шарасы  өткізілді.

Әр сенбі сайын бір мезгілде өткізілетін концерттер Шымкенттің түрлі гүлзарлары мен саябақтарын да қамтуда. Қаладағы «Спутник», «Big Tulip», «Шымсити», Арбат, «Наурыз парк» гүлзарлары мен саябақтарында өткен іс-шаралар қайталанбас эмоцияларға толы ерекше көңіл күйде өтті. Алдағы уақытта аталмыш іс-шара өз жалғасын табатын болады.

Жыл соңына дейін «Конституция күні», «Республика күні», «Тәуелсіздік күні», «Шыршаның басты шамын жағу», «Жаңа жыл» мерекелік іс-шараларын, атаулы даталар бойынша жоспарланған және жоспардан тыс іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

2024 жылы қала аумағында  ауқымды 47 ресми, көпшілік, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып өткізу жоспарланған. Оның ішінде: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берілген сұқбатына сәйкес, атаулы даталар бойынша бірқатар іс-шараларды кең көлемде атап өту жоспарға енгізілді. Бірқатар атаулы дата кең көлемде өткізілді. Әрі қарай да жыл соңына дейін тұлғаларымызға арналған мәдени шаралар өз жалғасын табуда. Атап айтсақ: Жошы ұлысы іргесінің қаланғанына 800 жыл, қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, композитор Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы, көрнекті жазушы Бейімбет Маилиннің 130 жылдығы, әйгілі ғалым Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы, қазақ ақыны сықақшы Шона Смаханұлының, халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың және қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл тағы басқа атаулы даталар бойынша іс-шаралар жыл соңына дейін өткізілетін болады.

Одан бөлек, белгілі ақын мәдениет саласының ардагері Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдық мерейтойы және мерейтой аясында «Ханбибінің биігі» Республикалық жыр мүшайрасы,  Республика күніне орай Республикалық ақындар айтысы, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Қазақ тілі ˗ ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы, А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының 125 жылдығы,  Оңтүстік өңіріндегі тұңғыш құрылған театрдың бірі — Жұмат  Шанин атындағы  қазақ академиялық драма театрының 90 жылдығы өтті.  Сондай-ақ, көпшілік орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 70 жылдығы, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 55 жылдығы, Әл-Фараби ғылыми әмбебап кітапханасының 10 жылдығы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының 10 жылдығы атап өту жоспарлануда.

Тамыз айының 22 күні Тәжікстандағы Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Шымкент қаласы өнерпаздарының қатысуымен 2200 жылдық тарихы бар Худжанд қаласында концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі және «Қазына» би ансамблінің орындауымен басталды. Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйі мен Құрманғазының «Балбырауын» күйінен тұратын «Думанды дәурен» композиция қойылымы көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Салтанатты кеш әрі қарай дәстүрлі әндер мен қазақ классикалық жауһарларымен жалғасты. Концертте Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы Қазақ ұлт аспаптар оркестрімен орындалды. Шымкент қалалық опера және балет театрының солисті, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова Латиф Хамидидің «Бұлбұл» шығармасын орындап көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар, домбыра шеберлері қазақ композиторлары Е. Хасанғалиев, Қ. Мырзалиев, И. Байзақ, Қ. Жапсарбаев және К. Әзірбаевтың туындыларын орындап, Худжандтық көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Астана қаласында 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылатын мәдениет іс-шарасына 100 аса өнерпаздар қатысып шетелдік қонақтарға өнерлерін паш етті.

Жыл соңына дейін «Республика күні», «Тәуелсіздік күні», «Шыршаның басты шамын жағу», «Жаңа жыл»  іс-шараларын, атаулы даталар бойынша жоспарланған.

Шымкент қаласының мәдениет саласы бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.

Театр мекемелері халықаралық театр фестивальдеріне қатысып «Үздік музыкалық безендіру»,«Ең үздік балалар қойылымы», «Үздік драматургия»,«Үздік екінші пландағы ер адам ролі» және «Көрермен көзайымы» номинацияларына, Цирк өнерпаздары «14-ші Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінде «Алтын» жүлде, Монғолия елінде өткен халықаралық «БРАВО ЦИРКУС-3» сайысында «Талант сыйлығына» ие болды. Астана қаласында өткен «Рухани Қазына» республикалық фестивалінде Шымкент қалалық арнайы кітапханасы «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» атанды.

Тарихи мәдени мұраны сақтау саласында да ауқымды жаңалықтар бар. Шымкент қаласы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, қорғау аймақтарын анықтау және мемлекеттік тізімге енгізу үшін тарихи-мәдени сараптама дайындау жоспарлануда. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің жинағы шығарылатын болады.

Сонымен қатар, Абай ауданында ономастикалық атауларды қалпына келтіру және реттеудегі басты бағыттардың бірі ретінде халықтың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жергілікті атқарушы органдардың ономастика саласындағы жұмысын үйлестіру және жүйелендіру, тарихи тұлғалар мен тарихи атаулардың мән-мағынасын анықтау, түсіндіру, насихаттау және пікір алмасу мақсатында «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты көшпелі семинар өтті.

Шара барысында сөз алған азаматтар қала көшелеріне жүргізілген талдау, идеологиялық тұрғыдан ескерген көше атаулары мен кісі есімдерін беру мәселелері, көшеге атау беру барысында уәкілетті органмен келісу, ескі атаулардың шығу тарихына назар аудару, нысандарға атау беру кезінде тілдік нормаларды сақтау мен тарихи тұлғалар есімін беру барысында негізгі критерийлерді ескеру барысы туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктер бұған дейін ұлықталған кісі есімдеріне талдау жүргізу мен көшелердің абаттандырылуын назарға алу секілді бір қатар мәселелерді талқылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.