«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Осы акцияның жалғасымы ретінде Бадам шағын ауданы экологиялық жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында өзен маңдары тазартылып, қураған ағаштар кесілді.Еңбекші ауданына қарасты Бадам 1, Бадам 2 шағын ауданынның ортасында орналасқан өзен күл-қоқысқа толып,судың ағысы бәсеңдеп қалған.Белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер, су бетіндегі қалдықтарды алып, тазартты.Сондай-ақ арнайы техникалар да жұмылдырылды.Шара барысында бірнеше жарамсыз ағаштар кесіліп, адам көп шоғырланатын жерлер сыпырылды.Басты мақсат-қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жалпыұлттық экологиялық акцияға ауыл тұрғындары да ат салысты.Естеріңізге сала кетейік 8-сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталған болатын. Бұр шара жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.
ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ
Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...