Қариясы бар елдің қазынасы бар. Осыған орай «Жастармен бірге!» ұлттық онкүндік шеңберінде «Қарттарын қадірлеген – ел ардақты» атты арнайы концерттік іс-шара өтті. Жиын барысында танымал жұлдыздар ән айтып, ардагерлердің қуанышына бөленді. Концерттік бағдарлама Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №2 қарттар үйінде жалғасын тапты. Жиынға танымал әртістер өз өнерлерін көрсетіп, қариялардың көңіл-күйін көтерді. Мұндай іс-шаралар қарт адамдарға қамқорлық көрсетудің маңызды бөлігі болып табылатыны сөзсіз. Басты мақсат – жастарды үлкенді сыйлап білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Іс-шараға халық арасында әзілдерімен танымал “Million” командасы арнайы келіп, өздерінің ерекше өнерлерімен қариялардың көз қуанышы болды. Айта кетейік, 2024 жылы Халықаралық жастар күнін мерекелеу елімізде 3-12 тамыз аралығында өтіп келеді. Ал мегаполисте “Жастармен бірге!” ұлттық онкүндік шеңберінде 10 бағыт бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










