• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

23.08.2024
0

Мегаполистің екі мыңнан астам педагогі тамыз кеңесінде бас қосты. Бұл жолы білім берудегі негізгі басымдық — цифрландыру технологиясының тиімділігі мен жасанды интеллектке негізделген. «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» бағытын ағарту саласының мамандары ақпараттық технологияның алға озған кезеңінде оқыту жүйесін оңтайландыратын тың тәсіл осы деп отыр. Дәстүрлі жиында сондай-ақ,  Шымкент қаласының жаңа оқу жылына дайындық барысы, білімдегі бетбұрыстар жайы  сөз болды.

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы тамыз конференциясы — білім берудегі цифрлық инновациялар және цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізуге негізделген. Технологиясы мен инновациясы дамыған алпауыттардың арасында Қазақстанның алға қойған мақсаты — дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ол ретте еліміздің білім беру жүйесі әлемдік стандарттардан қапы қалмауы тиіс.

Екі мыңнан астам педагог қатысқан жиынды қала әкімі ашып берді. Талантты шәкіртің артында талапты ұстаздың тұрғанын айтқан Ғабит Әбдімәжитұлы жаңа оқу жылымен құттықтады.

-Бүгінде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – негізгі талаптардың бірі. Бұл әрбір білім алушының, педагогтың және білім беру ұйымының оқу процесін жетілдіру үшін сөзсіз қажет. Бүгінгі таңда елімізде цифрландыру жүйесі қарқынды дамып келеді. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, яғни, балабақшаға кезекке қою, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау, педагогтардың аттестациясы, сонымен қатар, цифрлық білім беру платформалары, ақпараттық электрондық журнал және «Қауіпсіз мектеп» автоматтандырылған жүйесі жүзеге асырылып жатыр” – деді қала әкімі.

Шымкенттік педагогтердің басқосуына салалық министрлік өкілдері де қатысты. Оқу-ағарту министрінің видеоқұттықтауын жеткізіп, білімдегі жаңалықтармен бөлісті. Ақзира Бақтыбайқызының айтуынша, оқулықтар 100% цифрландырылған. Білім сапасын арттыра отырып, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ата-аналарға жүктемені азайту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін қолданысқа енгізілген “Цифрлы ұстаз” жобасы жайлы айтты.

Саладағы басты жаңалық – Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының әзірленуі. Оның басты мақсаты – білім сапасын арттыру. Аталған ұлттық баяндаманы Шымкент қаласында жүзеге асырудың Жол картасы дайындалды. Негізгі көрсеткіштері мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілді. Жаңа оқу жылынан бастап «Нысаналы мектептер» жобасы бастау алады. Білім сапасында олқылығы бар 40 нысаналы мектепке әдістемелік сүйемелдеу жасалып, педагогтерінің кәсіби дамуына жағдай жасалады.

Жиын барасында бірқатар ұстаздар марапатталды. Қала әкімінің алғыс хаты, Ы.Алтынсарин төсбелгісі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері марапаты мен Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы және салалық министрдің алғыс хатын алған ағартушы ұстаздар білімі мен тәрбиесін өнегелі ұрпақ өсіруге арнап жүрген кәсіби мамандар.

Конференцияда инновациялық жобалар мен цифрлық платформалардың қатысуымен жасанды интеллект, виртуалды шындық, STEM білім секілді нақты тақырыптарға арналған көрме ұйымдастырылды. 20-дан астам ғылыми жұмысты шаһар басшысы аралап, жас ғалымдардың жұмысымен танысты. Соның бірі Robo park қосымша білім беру орталығының өнертапқыштары жасаған құрылғы.

Жаңа оқу жылында білім саласындағы жаңашылдық — мұғалімдерді аттестаттау және марапаттау жүйесінің толық автоматтандырылуы. Одан бөлек — балабақша мен мектеп арасындағы байланыстың ұлғаюы.

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын цифрлық білім беру үдерісінде шаһардың бірқатар жетістігі бар. Мәселен, 2022-23 оқу жылында цифрландыру бойынша республика бойынша көш бастаған болатын. Білім саласының бүгіні мен болашағы жайлы алуан пікірлер айтылатын тамыз кеңесінің секциялық жұмысы — білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау, педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, балалардың құқықтарын қорғау,психологиялық, қосымша, инклюзивті білім берудегі цифрландыруға арналған. Шымкент қаласы  2024 жылғы 21 тамызда Астана қаласында өтетін Саммитке ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өңірлер бойынша бөлінісіне сәйкес Шымкент қаласынан 38 делегация мүшесі қатысатын болады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.