Бүгін Абай саябағында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Акцияға қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене қатысып, саябақта ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ұйымдастырылды. Маусым айынан бері әр бейсенбіде осындай тазалық шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Ұзақ мерзімге жоспарланған экологиялық акция барысында партия мүшелері аптаның әр бейсенбісінде бекітілген учаскелерде тазалық жұмыстарын жүргізіп,абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға байланысты мәселелерді де шешуге атсалысып жүр.