Жыл сайын қазақстандықтар қаржы пирамидасын құрған адамдарға миллиардтаған теңгені өз қолымен «жинап беретіні» шын. Алданғандар, соңынан зар еңірегендер жетерлік. Оның үстіне, заңсыз ұйымдарға берген ақша кері қайтпайды. Бірақ осындай ушыққан жағдайға қарамастан қаржы пирамидаларының дәурені әлі жүріп тұр. Елде жыл сайын жүзге жуығы ашылады екен. Ал заң бұларға қалай мүмкіндік беріп қойды? Азаматтар неге алдана береді?
Жалпы 2024 жылдың 6 айында Департамент өндірісінде қаржылық пирамида құру және басқару дерегімен 3 қылмыстық іс анықталған, 1 өндіріспен аяқталған, 2 іс өндірісте.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, заңсыз жолмен табылған мүлікті қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Жалпы елімізде 2022 жылы 892 адам қаржылық пирамиданың құрбаны болса, 2023 жылдың тоғыз айында жәбірленушілер саны – 2079 адамды құраған.
Азаматтардың ақшалай қаражаты мен мүлкін заңсыз иелену мақсатында құрылған қаржы пирамидалары, соңғы жылдары кең таралған қылмыс түріне жатады. Қаржы пирамидаларының көбеюіне жәбірленушілер санының күрт өсуі әсер етті. Ал олардан келген жалпы залалдың мөлшері миллиардтарды құрады. Бүгінде 31 мыңнан астам қазақстандық азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Шығын көлемі 54 млрд теңгеден асып түседі», — дейді ІІМ