Аулаң қандай ағайын? Таза Қазақстан экологиялық акциясы Әл-Фараби ауданы аумағында жалғасын тапты. Шара барысында Молдағұлов көшесіне сыпыру, сырлау жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыстардан тазартылды. Тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асқан бұл акция қаламыздың көркін арттырып, экологиялық ахуалды жақсартуға өз септігін тигізді. Жалпы іс-шараға 10 арнайы техника, 150 ден астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ коммуналдық мекеме қызметкерлеріне тұрғындар да белсене көмек көрсетті. Ойын алаңдарының тозығы жеткен жерлері жөнделіп, жыртылған төсеніштері жамалды. Басты мақсат – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қаланың көркін арттыру.
Айта кетейік, 8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталған болатын. Акцияның әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады: Таза өлке, Киелі мекен, Жасыл аймақ, Өнегелі ұрпақ және Мөлдір бұлақ атауымен, қазіргі таңға дейін жалғасып келеді. Тазалық шарасы мегаполистің басқа да аудандарында белсенді түрде жүзеге асырылып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында қарқынды жүргізіліп жатыр.
ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...










