Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеттерінің бірі. Ішкі істер министрлігі жолдағы балалар өлімін азайту бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларында 126 бала қаза тауып, үш мыңнан астам кәмелетке толмаған түрлі жарақат алды.
“Жолда ойын ойнама” – мұндай бейнероликтер жол жүрісі қағидаларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында полиция келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
Балаларыңызға жол жүрісі қағидаларын үйретіп, олардың сақталуын қадағалаңыз;
Балаларды жолда, әсіресе көлік жүретін жерлерде қараусыз қалдырмаңыз;
Кішкентай балаларды тасымалдау үшін арнайы автокреслоларды пайдаланыңыз;
Балаларға жол апаты немесе төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін түсіндіріңіз;
Қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпаңыз;
Телефонға телмірмеңіз. Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану апат қаупін едәуір арттырады;
Белгіленген жылдамдықты асырмаңыз; Жолда тәртіп пен заңды сақтаңыз!